+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

19 сәуір. Туған күн иелері

2019 жылғы 19 сәуір 08:08
Бөлісіңіз:
19 сәуір. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 19 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


62 жыл
бұрын (1955) пианиношы, концертмейстер, педагог Жәния Жақияқызы ӘУБӘКІРОВА дүниеге келді.

П.И.Чайковский атындағы мемлекеттік консерваторияны 1979 жылы, ал 1981 жылы аспирантураны профессор Л.Власенконың сыныбы бойынша бітірді. 1979 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында концертмейстрлік қызметін бастап, 1981 жылдан бастап 12 жыл бойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда аға оқытушы, доцент, арнайы фортепиано кафедрасының меңгерушілік қызметтерін атқарады, 1993 жылдан профессор, 1997-2018 жылдары Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның ректоры болды.

Қазақстан мемлекеттік сыйлығымен, Францияның өнер және әдебиетінің орденімен, Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты бекіткені үшін ІІ-Екатерина атындағы 2-дәрежелі «Кавалер» орденімен марапатталды. «Платиналық Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. 1983 жылы Францияда өткен халықаралық Маргарет Лонг және Жак Тибо конкурсында, 1985 жылы Халықаралық камералық ансамбльдердің конкурсында Гран-При жеңіп алған.


50 жыл
бұрын (1969) алтыншы сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитет төрағасы ЩЕГЕЛЬСКИЙ Глеб Анатольевич дүниеге келді.

1969 жылы Ақмола облысының Степногорск қаласында туған. Мәскеудің С.Орджоникидзе атындағы Авиация институтын бітірген. 1987-1989 жылдары Кеңес Армиясы қатарында. 1991-1993 жылдары - Ақтөбе ферроқорытпа зауытында - балқытушы, инженер. 1993-1995 жылдары - «Ленто» АҚ БК директоры. 1995-2002 жылдары - «Казахстантрубопром» ЖШС директоры, кәсіпорын «КТП» ЖАҚ болып қайта құрылған. 2002-2004 жылдары - Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 2004-2006 жылдары - «Рика ТВ» ЖШС директорының орынбасары. 2006-2010 жылдары - «КТП» ЖАҚ директоры. 2010-2012 жылдары - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Ақтөбе техникалық реттеу және метрология департаментінің директоры. 2012-2016 жылдары - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2016 жылғы наурыздан - қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл», «Нұр Отан», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медальдарымен марапатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аудармашы-Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT