19 наурыз. Туған күн иелері

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 19 наурызда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

124 жыл бұрын (1899-1974) қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш инженер, қоғам қайраткері Мәдина Қожбанқызы БЕГАЛИЕВА дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында туған. Хан ордасындағы (қазіргі Орда ауылы) үш жылдық педагогикалық курсын, Ордадағы Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партия мектебін, Бүкілодақтық өнеркәсіп академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 1922-1935 жылдары – Бөкей, Орал губерниялары және Сырдария округінің Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы комитеттерінде әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлімнің меңгерушісі, Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы Қазақстан өлкелік комитетінің нұсқаушысы, Өлкелік өнеркәсіп одағы төрағасының орынбасары. 1935-1943 жылдары Балқаш мыс қорыту зауытында инженер болды. 1943-1948 жылдары Атырау облыстық Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы комитетінің әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің нұсқаушысы, республикалық бақылау органында бақылаушы болып істеді. 1949 жылдан зейнет демалысында болды.

5 5 жыл бұрын (1968) Қазақстанның танымал қоғам қайраткері Біржан Бидайбекұлы НҰРЫМБЕТОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Луговой (Т. Рысқұлов) ауданының Абай ауылында туған. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін механика және қолданбалы математика мамандығы, 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Жамбыл қаласы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, бөлім бастығы (1993-1996); Жамбыл облысы әкімі бірінші орынбасарының кеңесшісі (1996); Жамбыл облысы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі (1997); «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» РМКК Жамбыл облысы бойынша бөлімшесінің директоры (1997-2008). Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы (2008-2009); Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2009-2012); ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары (2012-2015) қызметтерін атқарған. 2015 жылғы маусымнан бастап 2017 жылғы қаңтарға дейін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалған. 2017 жылғы наурыздан бастап 2017 жылғы желтоқсанға дейін – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2017 жылғы желтоқсаннан бастап 2019 тамызға дейін – «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары. 2019-2021 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінде.

Мемлекеттік наградалары: «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдары, «Құрмет» ордені (2013).

5 4 жыл бұрын (1969) «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Болатханқызы ШАЯХМЕТОВАдүниеге келді.

Алматы қаласында туған. П. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінің экономика және құқық факультетін (1993) экономист мамандығы бойынша; Rutgers university (АҚШ, Нью-Джерси қ., 1996), МВА дәрежесімен бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын және араб тілдерін біледі.

Еңбек жолы: 1993 жылдан ҚР Ұлттық банкінің маманы. 1997 жылдан АBN AMRO BANK құрылымдық қаржыландыру бөлімінің маманы. 1998 жылдан АBN AMRO Asset management басқарма төрайымы. 2000 жылдан «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарушы директоры; АBN AMRO BANK басқарма төрағасының орынбасары. 2004 жылдан «Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма терағасының орынбасары 2009 жылдан бері «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

47 жыл бұрын (1976) боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы, ХXVІІ Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, республикалық «Көкпар» федерациясының президенті Мұхтархан Қабыланбекұлы ДІЛДӘБЕКОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында туған. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетін, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.

Университет қабырғасында жүріп бокспен айналыса бастаған. XII Азия ойындарының жеңімпазы, Бангкок қаласы; Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Хьюстон қаласы (АҚШ); Сидней олимиадасының күміс жүлдегері; Шығыс Азиялық ойындардың жеңімпазы, Осака қаласы (Жапония); XV Азиялық ойындардың күміс жүлдегері, Доха қаласы (Қатар); Афина олимпиадасына қатысқан.

1998-2000 жылдары – «Локоматив» теміржол денешынықтыру және спорт клубының әдіскер-нұсқаушысы, «Локоматив» спорт клубының спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы. 2000-2007 жылдары – Облыстық кешенді жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушы ұстазы. 2007-2008 жылдары – №5 Шымкент қалалық мамандандырылған бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметтерін атқарған. 2008 жылдан наурызынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының бокстан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің директоры болды.

Оңтүстік Қазақстан облысының, Мақтарал ауданының Құрметті азаматы. «Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар