+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

19 мың оқушы қалыпты жағдайда білім алады – Қостанай

2020 жылғы 4 сәуір 00:01
Бөлісіңіз:
19 мың оқушы қалыпты жағдайда білім алады – Қостанай

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының 19 мың оқушысы қалыпты жағдайда білім алады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев «Хабар 24» телеарнасындағы онлайн-конференция барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысының білім басқармасы 4-тоқсанның басталуына штаттық режимде дайындалуда. Облыста 498 мектеп болса, онда 107501 оқушы білім алады. Барлығы 13087 педагог жұмыс істейді.

«321 шағын жинақты ауылдық мектеп санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, штаттық режимде оқытылады. Мұнда барлығы 18,8 мың оқушы бар. Маскалық режим енгізіліп, диспенсерді орнату жұмыстары жүреді. Қолды дезинфекциялауға айрықша мән беріледі. Жалпы контингенті 88,7 мың оқушысы бар 177 мектеп қашықтан оқытуға көшеді. Қашықтан оқитын педагогтар мен мектеп оқушыларын компьютерлік техникамен және интернетке қол жеткізумен қамтамасыз ету мәселесі толық көлемде шешілді. Осы мақсатта 5 мыңнан астам компьютер білім беру ұйымдарына жеткізілді», - деді аймақ әкімінің орынбасары.

Алдағы уақытта мектептерді қамтамасыз ету үшін 3 мыңнан астам компьютер техникасы сатып алынбақ. Жалпы, жағдай облыс әкімінің бақылауында, барлық жауапты мемлекеттік органдар коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.

Облыста тәулік бойы төмендегідей телефондар жұмыс істейді:

- 575-060 – Қостанай облысының әкімдігі;

- 52-64-36, 52-64-38

- 109 бірыңғай нөмірі

- Телеграм арнасында – «Ақпараттық чат».


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT