19 маусымда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 19 маусым күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

9.00-де Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен «Халықты медициналық көмекпен түгел қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау саласын қаржыландыру реформалары» атты мемлекетаралық конференция басталады.

10.00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы өтеді.

10.00-де ЭКСПО-2017 Конгресс-орталығында 25-ші Бүкіләлемдік тау конгресі ашылады.

10.00-де Rixos President қонақүйінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі аясында «Бастау» жобасының қатысушылары мен түлектерінің форумы болады.

Сонымен бірге 10.00-де Сенатта «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелдерге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.

11.00-де «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында 5 әлеуметтік бастама туралы бейнеконкурс жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталады. Байқау #Конкурс5Бастама хэштегі аясында өтті, әртүрлі форма мен стильден тұратын 25-тен астам бейнематериал жиналды.

12.00-де Қазмедиа орталығында IFC (Халықаралық қаржы корпорациясы, Дүниежүзілік банк тобының құрамына кіреді) Латын Америкасы, Кариб бассейні, Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша вице-президенті Джорджина Бэйкердің сапары аясында IFC Қазақстандағы азық-түлік өнеркәсібінің ірі топтарының бірі KazFoodProducts компаниялар тобына 25 млн АҚШ долларын инвестициялауы туралы келісімге қол қойылады.

14.30-да «Hilton Astana» қонақүйінде Польша Республикасының Кәсіпкерлік және технологиялар вице-министрі Тадеуш Косинскийдің қатысуымен Польша-Қазақстан экономикалық форумы өтеді.

15.00-де «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында Президенттің бірінші әлеуметтік бастамасы «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беруді» жүзеге асыруды қоғамдық қадағалау бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтеді.

15.00-де Сенатта Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің және Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырыстары өтеді.

15.00-де ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев халық алдында есеп береді.

16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде 2017-2018 оқу жылының қорытындылары, ұлттық біліктілік сынағының нәтижелері және ҰБТ-ның басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

18.00-де «Конгресс холда» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астананың 20 жылдығына арналған көрме ашылады.

АЛМАТЫ

11.00-де балалар арасындағы аутизм мәселесіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қақтығыстар мен дауларды сотқа жеткізбей шешу» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

11.00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағында «Тілдер паркі» жобасының салтанатты ашылуы өтеді.

15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ғылыми қызметкерлерге арналған залға Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлының есімін беруге арналған салтанатты шара болады.

17.00-де «Қазақстан» қонақүйінде «Кипр» сараптама тобы және «Сорос-Қазақстан Қоры» «Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтар: балласт немесе әлеуметтік-экономикалық даму ресурсы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

11.00-де «Үржарайым» (Үржар ауданы, Науалы ауылы) жазғы лагеріне ата-ананың қарауынсыз қалған және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар тегін демалысқа қабылданады.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

9:00-де облыс әкімі Өзбекстан Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісімен және Қазақстан мен Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағаларымен кездеседі.

11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде шомылу маусымының ашылуына орай төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің қатысуымен қауіпсіздікті шараларын сақтау бойынша брифинг өтеді.

Соңғы жаңалықтар