Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

19 маусым. Туған күн иелері

2019 жылғы 19 маусым 08:10 600
Бөлісіңіз:
19 маусым. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 19 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


19 маусым. Туған күн иелері 69 жыл 
бұрын (1950) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі  Серік Әбікенұлы ҮМБЕТОВ дүниеге келді.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Прудки кеңшарында туған. Алматы зоотехникалық - малдәрігерлік институтын «зооинженер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1968 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы «Амангелді» кеңшарының жұмысшысы болып бастады. 1974-1985 жылдары - Алматы облысы Күрті ауданы Т. Бокин атындағы кеңшардың бригадирі, бөлімше меңгерушісі, бас зоотехнигі, партия комитетінің хатшысы. 1985-1992 жылдары - Алматы облысы Күрті ауданы «Желтораңғы» кеңшарының директоры, Кеген ауданы агроөнеркәсіптік кешені бірлестігінің төрағасы, Күрті ауданы Т. Бокин атындағы кеңшардың директоры. 1992-2004 жылдары - Алматы облысы Күрті ауданы әкімшілігінің басшысы, Алматы облысы әкімінің орынбасары, облыс әкімі. Жамбыл облысының әкімі (1999 жылғы ақпанынан бастап). 2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі. 2005-2011 жылдары - Алматы облысының әкімі. 2011-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы. 2012 жылғы қыркүйек айынан бастап бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. 2016 жылдан бері алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен және Ұлттық олимпиада комитетінің алтын орденімен марапатталған.


19 маусым. Туған күн иелері 53 жыл
 бұрын (1966) Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, ЕҰУ «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының иегері Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ  дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика  университеті) бітірген. 1990-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері. 1996-2000 жылдары - Лев Гумилев атындағы Еуразия университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. 2000-2001 жылдары - Лев Гумилев атындағы Еуразия университетінің аға ғылыми қызметкері. 2001-2004 жылдары - Қазақ ұлттық Музыка академиясы Тіл және әдебиет кафедрасының меңгерушісі. 2004-2005 жылдары - Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гуманитарлық институтының директоры қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2005 жылдан бастап істейді.

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау жөніндегі Лингвистикалық комиссияның мүшесі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның мүшесі, Әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның мүшесі, Республикалық Ономастика комиссиясының мүшесі, Астана қаласы Ономастика комиссиясының мүшесі, Қазақстан халқы Кіші ассамблеясының мүшесі, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Хабаршысының» (гуманитарлық серия) жауапты редакторы, «Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдары» ғылыми анықтамалығының жауапты редакторы. «Смағұл Сәдуақасұлы», «Руханият», «Алаш және әдебиет», «Пайым» атты монографиялардың, «Ағартушылық және әдебиет» оқу құралының, Жүсіпбек Аймауытовтың 5 томдығын, Смағұл Сәдуақасұлының 2 томдығын, Қошке Кемеңгерұлы таңдамалы шығармаларының, Қошке Кемеңгерұлының 3 томдығының авторы.

«Қазақтың Қошкесі», «Астана туралы бата», «Көздің қарашығындай» деректі фильмдері сценарийінің авторы. 450-ге жуық журнал мен газет мақалаларының, 150-ден астам теле-радио материалдарының авторы.

«Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы төс белгісімен марапатталған.


19 маусым. Туған күн иелері 48 жыл 
бұрын (1971)  ҚР Парламенті Мәжілісінің (VI шақырылым)  депутаты, Заңнама  және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі   Берік Сәлімжанұлы ДҮЙСЕМБИНОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған.

Білімі: 1995 ж. - Шығыс-Қазақстан облысының Мемлекеттік университеті
2001 ж. - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Жұмыс тәжірибесі: 1995-1997 жылдары - Өскемен қаласы, Ішкі істер департаментінің тергеушісі; 1997-1998 жылдары - «Алюминий Қазақстан» АҚ вице-президентінің көмекшісі; 1998-2003 жылдары - Азаматтық партияның Орталық Комитетінің кеңесшісі; 2003-2006 жылдары - Азаматтық партияның Орталық Комитетінің іс басқарушысы; 2006-2011 жылдары - «Атамекен» ҚҰЭП атқарушы директоры; 2007 жылдан - «Атамекен» әлеуметтік жауапкершілік қорының директоры. 2011 жылдан -  Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы төрағасының аймақтық саясат жөніндегі орынбасары; 2013 жылдан - Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы ОК-нің аймақтық жұмыс жөніндегі хатшысы.

2016 жылдан бері қазіргі қызметінде.



19 маусым. Туған күн иелері 43 жыл
 бұрын (1976) «Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының, Қазақстан Республикасы Президентінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының лауреаты Ғалым Қабдулұлы  БОҚАШ  дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Пәкістанда, Үндістанда, Жапонияда еңбек өтілінен өткен. 1999-2001 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің хинди және урду тілдерінің оқытушысы. 2000-2001 жылдары - «Қазақ әдебиеті» газетінің халықаралық шолушысы, «Хабар» агенттігі» ЖАҚ-ының Пәкістандағы арнаулы тілшісі. 2001-2005 жылдары - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ қоғамдық-саяси бағдарлама редакциясының жетекшісі, Ақпараттық-талдау бағдарламасының директоры және «Мезгіл» сараптамалық бағдарламаларының жүргізушісі, басқарма төрағасының орынбасары. 2005-2006 жылдары - Алматы қаласы әкімінің орынбасары. 2009-2010 жылдары - Ирандағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі болған. 2010 жылдан бері Прагадағы (Чехия) «Свободная Европа-Радио Свобода» Радиосының Қазақ редакциясында қызмет атқарған.

«Хроника утраченного света» деректі фильмі сценарийінің авторы.


19 маусым. Туған күн иелері 37 жыл
бұрын (1982) «Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі Ғалымжан Бисенғалиұлы ТӘЖИЯҚОВ дүниеге келді.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын,  Дарема университетінде іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алған (2008).

Еңбек жолы: 2002-2005 жылдары - «ABN AMRO Банк Казақстан» АҚ-ның корпоративтік клиенттермен жұмыс жасау жөніндегі менеджер; 2005-2007 жылдары - «Каспи Банк» АҚ-ның қаржы институттары басқармасының басшысы; 2008-2010 жылдары - «HSBC Банк Казақстан» АҚ мұнай-газ секторы төрағасының міндетін атқарушы; 2010-2012 жылдары - «Ситибанк Қазақстан» АҚ-ның кіші вице-президенті; 2012-2016 жылдары - Еуразиялық даму банкінің басқарушы директоры; 2016-2019 жылдары - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның активтері мен пассивтерін басқару жөніндегі Комитеттің мүшесі, жобалық және корпоративтік қаржыландыру директоры, Холдингі басқармасы төрағасының орынбасары қызметінде болды.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT