НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 19 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
9.30-да ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады. Отырыс senate.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.
9.30-да «Рэдисон» қонақүйінде Қазақстанның сатып алу саласындағы реформаларын талқылау бойынша ҚР Қаржы министрлігі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен семинары өтеді.
10.00-де Astana Hub ғимаратында StopMusor эко-науқаны аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы жастар мен елорда белсенділері үшін ақпараттық-оқыту алаңын ұйымдастырады.
10.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанда геология саласының жағдайы мен дамуы және ұлттық геологиялық қызмет құру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Геология комитетінің төрағасы Талғат Сәтиев; «Қазгеоақпарат» РГАО» ЖШС Бас директоры Жанат Кәрібаев.
Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.
11.00-де «AMANAT» партиясының баспасөз орталығында «Үкіметтің «2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыру шеңберіндегі ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» жобасы таныстырылады.
11.00-де Астана медицина университетінде «Қазақстандағы мейіргерлік білім, зерттеулер мен тәжірибе: мейіргер ісінің келешегіне инвестиция» атты халықаралық конференция өтеді.
15.00-де «AMANAT» партиясының баспасөз орталығында «Қыздар хоккей академиясы» әлеуметтік жобасы аясында қыздар арасындағы халықаралық хоккей лагерінің ашылуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Туған күн» комедиясы сахналанады.
19.00-де QAZAQSTAN орталық концерт залында «№13» комедиясы қойылады.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі көрсетіледі.