+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

19 мамыр. Туған күн иелері

2019 жылғы 19 мамыр 08:08
Бөлісіңіз:
19 мамыр. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 19 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


61 жыл
бұрын (1958) заң ғылымдарының докторы, жазушы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Есберген Оразұлы АЛАУХАНОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. Ташкент мемлекеттік университетін (1987), Саратов жоғары милиция мектебін (1991), Халықаралық қазақ-түрік университетін (1998) бітірген. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қызылжұлдыз ауылында есепші (1976), Сарыағаш ауданы халық сотында сот мәжілісінің хатшысы (1981), Сарыағаш халық сотының төрағасы (1993), Оңтүстік Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер алқасының төрағасы (1996), Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары қаржы полициясының бастығы (2001-2004), ІІМ академиясы диссертация кеңесінің төрағасы (2006-2008), 2008 жылдан ҚазҰУ-дың «Сот билігі және қылмыстық іс жүргізу» кафедрасының меңгерушісі. 2011-2012 жылдары - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы. 2012 жылдан ҚР Бас прокуратурасы жанындағы С.Есқараев атындағы Бас прокуратура институты директорының орынбасары. ҚР Жоғары сот ғылымының кеңесінің мүшесі. 300-ден астам ғылыми еңбек пен 25-тен астам монография және оқулықтың авторы. «Ерен еңбегі үшін» (2003), «ҚР Конституция күніне» (2005); «Конституциялық зандылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» (2014) медальдарымен, «ҚР Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған.


56 жыл
бұрын (1963) «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алик Серікұлы АЙДАРБАЕВ дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. 1985 жылдан бері мұнайгаз саласында жұмыс істейді. Мұнайгаз өндірісінде кәсіби дамудың барлық сатыларынан өтті, аға геолог, кейіннен технолог, мұнай және газ өндіру шебері, «Маңғышлақмұнай» ӨБ «Жетібаймұнай» МГӨБ мұнай және газ өндіру цехы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Әртүрлі жылдарда «ОңтүстікҚазмұнайГаз» өндірістік бірлестігінде басшылық қызметтер атқарды. «Торғай Петролеум» және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры қызметтерін атқарды. 2011 жылдың сәуірінен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры. 2011 жылдың мамырында Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. 2011 жылдың желтоқсанында ҚМГ БӨ бас директоры болып жұмыс жасады. 2013-2017 жылдары Маңғыстау облысының әкімі, 2018 жылы «Самұрық-қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың қарашасынан.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.


55 жыл
бұрын (1964) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

Бейбіт Бәкірұлы АТАМҚҰЛОВ дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Инженер-металлург мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтын, сондай-ақ, экономист мамандығы бойынша Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1 класты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. Еңбек қызметін 1985 жылы Норильск тау-кен металлургия комбинатының мыс байыту зауытында бастаған. 1986 жылдан бастап М.И.Калинин атындағы Шымкент қорғасын зауытында жұмыс істеді, онда балқытушы, ауысым шебері, бригадирден бастап жетекші инженерге дейінгі жолдан өтті. 1991 жылдан - ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі «Қазметаллэкспорт» Қазақстандық республикалық сыртқы экономикалық байланыстар кәсіпорнының «Черметэкспорт» компаниясының бас маманы, директоры. 1993 жылдан ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі «Қазақстан сауда» МСК бас директорының бірінші орынбасары. 1995 жылдан «Қарметкомбинат» МАҚ (Теміртау) бас директорының бірінші орынбасары. 1996 жылдан «Рахат-металлс» компаниясының бас директоры, «AIG» қазақстандық сақтандыру компаниясы директорлар кеңесі төрағасының орынбасары. 2002 жылдан «Рахат» МК Директорлар кеңесінің төрағасы. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі. 2006 жылдан - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-елшісі. 2007 жылдан Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-елшісі. 2008 жылдан Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы (Германия) бас консулы. 2010 жылдан Қазақстан Республикасының Малайзия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2012 жылдан Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы. 2014-2015 жылдары - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы. 2015-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болды.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың желтоқсанынан.

«Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.


55 жыл бұрын
(1964) әнші, продюсер Қыдырәлі Нұртайұлы БОЛМАНОВ дүниеге келді.

Жезқазған облысының Қарсақбай ауылында туған. Алматы театр-көркемөнер институтын бітірген (1991). 1995 жылы «Айналайын» деп аталатын алғашқы жеке альбомын шығарған. 1996 жылдан - «АБК» тобының негізін қалаушы, мүшесі және бас продюсері. 2001 жылдан - «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі. 2005 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласы Мәдениет департаментінің директоры. 2008 жылдың сәуірінен Астана қаласы Мәдениет департаментінің директоры. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы комиссиясының мүшесі және Қазақстан жастар одағы сыйлығын тапсыру бойынша комиссияның төрағасы. «Жігер» республикалық конкурсының (1988), Қазақстан жастар одағы сыйлығының (1994), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының (2000), Грозный қаласы Бүкілодақтық студент жастар конкурсының I сыйлығының (1987), Данияда өткен «Борнхольм-90» халықаралық конкурстың I сыйлығының (1990), Литвада өткен «Вильнюс» халықаралық конкурсының III сыйлығының лауреаты (1993). «Азия дауысы» халықаралық конкурсының дипломанты (1991), Голливудта өткен орындаушылық өнерден халықаралық чемпионатта «Басқаларға ұқсамайтын вокал» номинациясы бойынша I орынды және алтын медаль алды (АҚШ, 2001), Шешенстан мен Ингушетия Республикаларының Еңбек сіңірген өнер қайраткері (2005).

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT