19 қыркүйек. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 19 қыркүйекке арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

115 жыл бұрын (1905-1983) ақын Асқар ТОҚМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ташкент политехникумын, Мәскеу Баспа институтын бітірген. «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Ара» журналында қызмет істеген. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент, Қызылорда облыстары бойынша жауапты хатшысы болған. 1928 жылдан бастап өлеңдері мен поэмалары, очерктері мен фельетондары жеке кітап болып басылып шықты.

Отан соғысы жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достығы, соғыстан кейінгі жылдарда бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. «Хат», «Бақыт кілті», «Қаскелең», «Өмірге жол», «Агроном көктемі», «Батыр Әли», «Ақын тағдыры», «Кремль сақшысы», «Ажалды жеңген алыптар», «Батырлар дастаны», «Уборщица», «Берлин көшесінде», «Испания», «Қараңғы түнде», «Рейн жағасында» поэмаларының, «Біздің Сәуле», «Қош аман бол», «Бәтиманың хаты», «Күт мені», «Сүйген жарға» тағы басқа әнге арналған өлеңдерінің, Ыбырай Жақаев өмірін бейнелейтін «Қыран тұғырдан ұшады», Қазан төңкерісінің қарсаңындағы ауыл өмірін суреттейтін «Ақмоншақ» (О.Бодықовпен бірге), «Қарбаласта» повестері мен романдарының, «Жыр күмбезі» атты тарихи романның авторы. «Екі заң», «Сайлау», «Алдар Көсе», «Бір семья» атты пьесалары бар.

С.Айнидің «Құлдар» романын қазақшаға аударды. Қазан төңкерісі, І дәрежелі Отан соғысы, үш рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.

50 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» РММ директоры; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Әбіл Тауфикұлы ЖОЛАМАНОВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған. 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тарихшы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы Батыс Қазақстан облысында Жымпиты орта мектебінің тарих және қазақ тілінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып бастады. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімі аппаратының жастармен жұмыс, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі (1994-1999); Сырым ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі (1999-2000); Сырым ауданы әкімі аппаратының аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі (2000-2007); Сырым ауданы әкімі аппаратының аудандық білім бөлімінің меңгерушісі (2007-2008); БҚО тарихи-өлкетану мұражайының директоры (2008-2014); 2014 жылы тамыз-желтоқсан аралығында «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚҚ директоры. Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысының орынбасары (2014-2016); Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысы (2016-2017); ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары (2018-2019).

Қазіргі қызметінде 2019 жылдан бастап.


47 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Витальевна БЮРАБЕКОВА дүниеге келді.

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын емдеу ісі мамандығы бойынша аяқтады. 2004 жылы Қазақ фармацевтика институтын фармация мамандығы бойынша аяқтады. 2014 жылы Халықаралық бизнес академиясын менеджмент мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2004 жылы Қарағанды қаласы, Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы клиникалық ауруханада клиникалық фармаколог-дәрігер болып бастады. 2005 жылдан 2007 жылға дейін Қарағанды қаласы, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді. 2007-2009 жылдары Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының стратегиялық даму және дәрілік саясат жөніндегі орынбасары.

2009-2010 жылдар аралығында Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің фармацевтикалық қызметті, дәрілік заттардың сапасы мен пайдаланылуын бақылау басқармасының бастығы.

2010 жылдан 2010 жылға дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2011 жылы Астана қаласы, Республикалық балаларды оңалту орталығының стратегиялық даму және пациенттердің қауіпсіздігі басқармасының бастығы. 2011 жылдан 2012 жылға дейін Астана қаласы, Ұлттық медициналық холдингтің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің бас менеджері.

2012 жылдан 2013 жылға дейін Астана қаласы, Ұлттық медициналық холдингтің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры. 2013-2014 жылдар аралығында Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық санитариялық авиация орталығының оқу-клиникалық бөлімінің бастығы. 2014 жылы Астана қаласы, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының вице-президенті.

2014 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының бас инспекторы. 2015 жылдан бастап 2017 жылдың шілдесіне дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары.

2017 жылдан 2019 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы.

2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың сәуір айынын бастап.


42 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі аппарат басшысының орынбасары Дархан Аманбекұлы МЕДЕУБАЙ дүниеге келді.

Білімі жоғары: Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, инженер; Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті, қаржы бакалавры.

Еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды қалалық салық комитетінде бас маман болып бастады. 2005-2009 жылдары - Қарағанды облысы әкімі аппаратының бас маманы. 2009-2012 жылдары - «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Бірінші орынбасарының көмекшісі, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты Ұйымдастыру-партиялық жұмыс жөніндегі департаменті директорының орынбасары.

2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппаратында Халықаралық байланыстар және Хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Мәжіліс Төрағасының көмекшісі, Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Мәжіліс Төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

2014-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының инспекторы. 2015-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2016 жылдың маусым айынан бастап - ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған.


36 жыл бұрын (1984) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Көбентайұлы ДАРБАЕВ дүниеге келді.

Ақмола облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Warwick университетін («Болашақ» бағдарламасының стипендиаты) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында бастаған. Түрлі жылдары «Бәсекелі саясатты дамыту және қорғау орталығында», Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқармада бәсекелестікті қорғау бөлімінің бас маманы, басшысы қызметтерін атқарған.

2013-2014 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде Квазимемлекеттік сектор және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары, Мемлекеттік кәсіпорындар мен қосылуларын бақылау департаментінің директорының орынбасары болды.

2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Мемлекеттік кәсіпорындар мен қосылуларын бақылау басқармасын басқарды.

2015-2017 жылдары — ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасының орынбасары. 2017-2019 жылдары ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек етті.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2019). «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының Алғыс хатын алған (2016).


Соңғы жаңалықтар