+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

19 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 19 қыркүйек 07:00
Бөлісіңіз:
19 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 19 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

Бағдарламалық жасақтама бостандығы күні

Digital Freedom Foundation (DFF) коммерциялық емес ұйымы негізін қалаған маңызды мереке бүкіл әлемде қыркүйектің үшінші сенбісінде атап өтіледі.

Бастапқыда 28 тамызда атап өтіліп, кейіннен 2006 жылы қыркүйектің үшінші сенбісіне ауыстырылды. Мерекенің басты мақсаты еркін Бағдарламалық жасақтауды насихаттау және пайдаланушыларға оны пайдаланудың пайдасы туралы білім беру.

«Смайликтің» туған күні

1982 жылы 19 қыркүйекте Карнеги-Меллон университетінің профессоры Скотт Фальман (Scott E. Fahlman) компьютерде терілетін мәтінде «күлімсіреп тұрған бет-әлпетті» көрсету үш қос нүкте, дефис және жабылатын жақшадан тұратын қатар келген үш символды пайдалануды ұсынды. Алғаш рет смайликті пайдаланған хабарлама 2002 жылы пленкада сақталған хабарландырулар тақтасының мұрағатынан табылды. Қазір смайлик электрондық қарым-қатынастың айнымас белгісі болып қалды. Смайликтер әңгімелесушіні дұрыс түсінуге, оның көңіл күйін байқауға көмектеседі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1957 жылы Тамғалы шатқалындағы тасқа қашап салынған петроглифтер ашылды. ҚазКСР Ғылым академиясының Тарих және археология институтының Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясының Жетісу отряды Қазақстанның тұңғыш кәсіби археологы Анна Максимованың басшылығымен Алматы облысының Жамбыл ауданында Тамғалы шатқалындағы тасқа қашап салынған петроглифтер ашылды. Тамғалы петроглифтері кейіннен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілді.

1994 жылы Қазақстандық интернеттің туған күні. Жоғары деңгейдегі kz. Казинформтелеком ұлттық домені іске қосылды.

1995 жылы Пәкістанда урду тілінде Абайдың «Таңдамалы өлеңдері» кітабының аудармасы жарық көрді.

2005 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Жаңа жол ауылында қазақтың халық батыры, дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш орнатылды.

Бауыржан Момышұлы (1910-1982) - Кеңес одағының батыры, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, қазақтың көрнекті жазушысы. Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келген.

«Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Москва үшін айқас» «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан», «Майдандағы кездесулер», «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Куба әсерлері», «Ел басына күн туса», «Ұшқан ұя», «Адам қайраты» повестері мен әңгімелерінің авторы.

Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, І дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» сынды орден-медальдармен марапатталса, халқының қаһарман ұлына Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін «Кеңес Одағының батыры» атағы берілген.

2006 жылы Қазақстанда тұңғыш рет журналистика энциклопедиясы шығарылды. Оны шығарған Қазақстан журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев.

2011 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция Президенті Николя Саркозидің Елисей сарайында өткен кездесулерінің қорытындылары бойынша бірлескен декларация қабылданды.Декларацияда БҰҰ-ның орталық рөлін сақтай отырып жаһандық басқаруды жақсарту, Ауғанстанды қалпына келтіру, Ливия халқын қолдау үшін халықаралық қауымдастықты кеңінен жұмылдыру, т.б. өзекті мәселелер қарастырылған.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Caspionet ұлттық спутниктік арнасы Galaxy 19 спутнигінің DTH платформасы арқылы Солтүстік Америка аумағына ашық түрде хабар таратуды бастады. Caspionet каналының бағдарламалары 28 елдің көрермендеріне қол жетімді болды: АҚШ, Канада, Мексика, Куба, Доминикан Республикасы, Антигуа және Барбуда, Багам, Барбадос, Белиз, Гаити, Гватемала, Гондурас, Доминика, Коста-Рика, Никарагуа, Сальвадор, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Гренадин, Сент-Китс және Невис, Ямайка.

2012 жылы Қазақстан алғаш рет Францияның Канн қаласында жыл сайын өтетін Cannes Corporate Media & TV Awards халықаралық деректі фильмдер фестиваліне қатысты.

Фестиваль байқауына 2011 жылы жарыққа шыққан «Киелі Мекен» деректі фильмін (орысша нұсқасында «Достояние Республики») жасаушылар шақырылды.

2014 жылы Лондонда Роберт Уайттың «Жоғалған хандар мен бос далалар. Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейін» атты кітабы жарыұ көрді.

Кітаптың авторы Алматы қаласындағы банк секторында үш жылдан астам уақыт жұмыс істеп, осы уақыт ішінде ол Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуге көп көңіл бөлген. Лондонға оралғаннан кейін Р.Уайт Британдық аудиторияны Орта Азиядағы ең маңызды елдің әсерлі тарихымен таныстыруды жөн деп тапқан.

2014 жылы Алматы облысындағы жеті сақ-скиф қорғаны ескерткіш мәртебесіне ие болды. Шараның басты мақсаты – ежелгі қорғандарды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері ретінде заңдастыру және қоғамның назарын оларды сақтау мәселесіне аудару.

2014 жылы Павлодарда белгілі қазақ жазушысы, публицист, ақын, Алашорда көшбасшыларының бірі, 1931 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, атылған Жүсіпбек Аймауытовқа ескерткіш ашылды.

2017 жылы Қазақстан БҰҰ-ның жыныстық зорлық-зомбылықты жою жөніндегі міндеттемесі туралы құжатына қосылды.

Бұл құжат зорлық құрбандарына көмек көрсетуді, БҰҰ миссияларына жіберілетін қызметкерлерді іріктеу мен оқытудың жоғары стандарттарын қамтамасыз етуді, жыныстық эксплуатация және зорлық-зомбылық әрекеттерін жасайтын адамдарға қарсы шаралар қабылдауды қамтиды.

2018 жылы Астанадағы паралимпиадалық жаттығу орталығында арбамен қозғалатын адамдарға арналған «Өз-өзіне қызмет көрсету инвасервисі» бірегей бұрышы орнатылды. Ол мүгедектерге арбаларының дөңгелектерін өз бетінше тазалауға мүмкіндік береді. Құрылғының авторы - арбамен билеуден ҚР құрамасының мүшесі Ардақ Оторбаев.

«Өз-өзіне қызмет көрсету инвасервисінде» қолданылатын жабдықтың әлемде баламасы жоқ. Бұл мүгедектер арбасында қозғалатын адамдардың өмірлік белсенділігін талдау және қажеттіліктер негізінде ойлап табылған алғашқы отандық жабдық.

2019 жылы Семей қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты.

«Спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтың есімінің берілуі мені қуантады. Ол спортта аты аңызға айналған тұлға ғана емес, еңбектің шыңына шыққан қайраткер. Әрбір қазақстандық осындай болуы керек. Келесі жылдан бастап Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған жарыс өткізуді жоспарлап отырмыз. Ол турнир жыл сайын балалар мен жастар арасында өткізіледі», - деді Даниал Ахметов.

2019 жылы ТМД аумағында алғаш рет елордада PATA Travel Mart 2019 Азия-Тынық мұхиты елдерінің халықаралық туристік көрмесі ашылды. Көрмеге 250-ден астам туристік компаниясы қатысты. Көрменің ресми ашылу рәсімінде Азия мен Тынық мұхиты аймағының мүмкіндіктері мен жаңа ұсыныстары көрсетілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT