+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

19 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 19 қыркүйек 07:00
Бөлісіңіз:
19 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 19 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

«Смайликтің» туған күні

1982 жылы 19 қыркүйекте Карнеги-Меллон университетінің профессоры Скотт Фальман (Scott E. Fahlman) компьютерде терілетін мәтінде «күлімсіреп тұрған бет-әлпетті» көрсету үш қос нүкте, дефис және жабылатын жақшадан тұратын қатар келген үш символды пайдалануды ұсынды. Алғаш рет смайликті пайдаланған хабарлама 2002 жылы пленкада сақталған хабарландырулар тақтасының мұрағатынан табылды. Қазір смайлик электрондық қарым-қатынастың айнымас белгісі болып қалды. Смайликтер әңгімелесушіні дұрыс түсінуге, оның көңіл күйін байқауға көмектеседі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1957 жылы Тамғалы шатқалындағы тасқа қашап салынған петроглифтер ашылды. ҚазКСР Ғылым академиясының Тарих және археология институтының Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясының Жетісу отряды Қазақстанның тұңғыш кәсіби археологы Анна Максимованың басшылығымен Алматы облысының Жамбыл ауданында Тамғалы шатқалындағы тасқа қашап салынған петроглифтер ашылды. Тамғалы петроглифтері кейіннен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілді.

1994 жылы Қазақстандық интернеттің туған күні. Жоғары деңгейдегі kz. Казинформтелеком ұлттық домені іске қосылды.

1995 жылы Пәкістанда урду тілінде Абайдың «Таңдамалы өлеңдері» кітабының аудармасы жарық көрді.


2005 жылы
Жамбыл облысы Шу ауданы Жаңа жол ауылында қазақтың халық батыры, дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш орнатылды.

Бауыржан Момышұлы (1910-1982) - Кеңес одағының батыры, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, қазақтың көрнекті жазушысы. Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келген. «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Москва үшін айқас» «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан», «Майдандағы кездесулер», «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Куба әсерлері», «Ел басына күн туса», «Ұшқан ұя», «Адам қайраты» повестері мен әңгімелерінің авторы. Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, І дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» сынды орден-медальдармен марапатталса, халқының қаһарман ұлына Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін «Кеңес Одағының батыры» атағы берілген.


2006 жылы Қазақстанда тұңғыш рет журналистика энциклопедиясы шығарылды. Оны шығарған Қазақстан журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев.


2011 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция Президенті Николя Саркозидің Елисей сарайында өткен кездесулерінің қорытындылары бойынша бірлескен декларация қабылданды.Декларацияда БҰҰ-ның орталық рөлін сақтай отырып жаһандық басқаруды жақсарту, Ауғанстанды қалпына келтіру, Ливия халқын қолдау үшін халықаралық қауымдастықты кеңінен жұмылдыру, т.б. өзекті мәселелер қарастырылған.

2014 жылы Алматы облысындағы жеті сақ-скиф қорғаны ескерткіш мәртебесіне ие болды. Шараның басты мақсаты – ежелгі қорғандарды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері ретінде заңдастыру және қоғамның назарын оларды сақтау мәселесіне аудару.

2014 жылы Павлодарда белгілі қазақ жазушысы, публицист, ақын, Алашорда көшбасшыларының бірі, 1931 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, атылған Жүсіпбек Аймауытовқа ескерткіш ашылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT