19 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 19 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.


null
19 қыркүйек, СЕЙСЕНБІ

«Смайликтің»  туған күні

1982 жылы 19 қыркүйекте Карнеги-Меллон университетінің профессоры Скотт Фальман (Scott E. Fahlman) компьютерде терілетін мәтінде «күлімсіреп тұрған бет-әлпетті» көрсету үш қос нүкте, дефис және жабылатын жақшадан тұратын қатар келген үш символды пайдалануды ұсынды. Алғаш рет смайликті пайдаланған хабарлама 2002 жылы пленкада сақталған хабарландырулар тақтасының мұрағатынан табылды. Қазір смайлик электрондық қарым-қатынастың айнымас белгісі болып қалды. Смайликтер әңгімелесушіні дұрыс түсінуге, оның көңіл күйін байқауға көмектеседі.

Сент-Китс және Невис Федерациясының Ұлттық мейрамы - Ұлт күні (1983)

Сент-Китс және Невис Федерациясы - Кариб теңізінің шығыс бөлігінде Сент-Китс және Невис аралдарында орналасқан мемлекет. Астанасы - Бастер қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - шығыс кариб доллары. Мемлекет конституциялы монархия, Ұлыбритания достастығы құрамына кіреді. Мемлекет басшысы - Ұлыбритания монархы тағайындайтын генерал-губернатор. Үкімет басшысы - Премьер-Министр. Жоғарғы заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Ұлттық жиналыс.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1955 жылы  Оралда «Уралагрореммаш» зауытының негізі қаланды. Зауыт орманды қорғау стансасының орнына салынды. Кәсіпорын тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде іске қосылып, ауылшаруашылық техникасын жөндеу саласында мамандандырылды. Сол жылдары кәсіпорын өзінің саласы бойынша республикамыздағы және Одақтағы зауыттар арасында алдыңғы қатарларға шықты. Кәсіпорын Қазақстандағы зауыттар арасында бірінші болып Ленин және Қазан көтерілісі ордендерімен марапатталды. Қазіргі уақытта «Уралагрореммаш» АҚ ауыл шаруашылық және өртке қарсы техникаларын шығарады, соның ішінде ЖВП-9 жаток маркасы мен зиянды жәндіктерді жою жұмыстарына арналған бүріккіштер бар. Кәсіпорның қуаттылығы жылдан-жылға өсіп келе жатыр, біздің республикамызда және шетелде сұраныстағы жаңа өнімдердің түрлері шығарылып жатыр. Кәсіпорында металл және темірбетон құрастырмаларын тоттан қорғайтын ыстық мырыш желісі іске қосылған. Осындай өңдеуден өткен металдар өзінің алғашқы кейпін жағымсыз экологиялық ортада 20 жылдан 60 жылға дейін сақтайды. Акционерлік қоғамның жанынан шығарылған өнімдерге қызмет көрсету мақсатымен «Казагросервис-Урал» МТС құрылған. Сонымен қатар кішігірім трансформаторлық стансаларын құрастыратын «Казэлектрощит» ЖШС «Уралагрореммаш» АҚ құрылтайшысы болып табылады. Осы акционерлік қоғамның және ресейлік «Россельмаш» АҚ-ның негізінде «Нива-Эффект» комбайны маркаларын құрастыратын біріккен кәсіпорын құрылған және сол техникаға қызмет көрсететін орталық жұмыс істейді.

1957 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының Тарих және археология институтының Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясының Жетісу отряды Қазақстанның тұңғыш кәсіби археологы Анна Максимованың басшылығымен Алматы облысының Жамбыл ауданында Тамғалы шатқалындағы тасқа қашап салынған петроглифтерді тапты. Тамғалы петроглифтері кейіннен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілді.

1988 жылы  Қазақстанның алғашқы коммерциялық банктерінің бірі саналатын  «БанкЦентрКредит» АҚ құрылды.

1993 жылы Мәскеуде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Президенті Б.Ельциннің ресми  кездесуі болды. Кездесу барысында екі мемлекеттің Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек көрсету  туралы екіжақты қол қойылған келісімшартына сәйкес алдағы уақыттағы экономикалық және әскери саладағы даму мәселелері қарастырылды.

1994 жылы Қазақстандық интернеттің туған күні. Жоғары деңгейдегі kz. Казинформтелеком ұлттық домені іске қосылды.

1995 жылы 1995 жылдың 20 қаңтарындағы  Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы арасындағы кедендік одақ жөніндегі келісімге сәйкес, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Кедендік одақ құрылуының бірінші кезеңін аяқтау жөніндегі уағдаластықты жүзеге асыру мақсатында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шекараның кедендік бақылауын жою туралы» қаулысы жарияланды.

2001 жылы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Алматы қаласында АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ларри Нэппермен кездесті. АҚШ елшісі Елбасына сенім грамотасын табыстады. Сондай-ақ, Ларри Нэппер Н.Назарбаев пен Қазақстан халқына ауыр күндерде қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

2005 жылы  Алматыда жаңа ақпараттық-консультациялық «Жасыл телефон» қызметі жұмыс істей бастады.
2005 жылы
 Жамбыл облысы Шу ауданы Жаңа жол ауылында қазақтың халық батыры, дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш орнатылды. Бауыржан Момышұлы (1910-1982) - Кеңес одағының батыры, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, қазақтың көрнекті жазушысы. Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келген. «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Москва үшін айқас» «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан», «Майдандағы кездесулер», «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Куба әсерлері», «Ел басына күн туса», «Ұшқан ұя», «Адам қайраты» повестері мен әңгімелерінің авторы. Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, І дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» сынды орден-медальдармен марапатталса, халқының қаһарман ұлына Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін «Кеңес Одағының батыры» атағы берілген.
2006 жылы Қазақстанда тұңғыш рет журналистика энциклопедиясы шығарылды. Оны шығарған Қазақстан журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев.
2007 жылы  Социалистік Еңбек Ері Қарасай Сариевтің (1907-1982) 100 жылдығына орай Оралдағы тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Бөкей Ордасы ауданы Бейсен ауылында дүниеге келген Қарасай Сариев 1927 жылы Астрахань қаласында балық дайындау мекемесінде жұмыс жасады. Содан кейін елге оралып, ауыл шаруашылығы артелінде, Бейсен ауылдық кеңесінде, Алға шық ұжымшарында еңбек етті. Ұзақ жылдар бойы шаруашылық басқарған Қ.Сариевке 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

2011 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция Президенті Николя Саркозидің Елисей сарайында өткен кездесулерінің қорытындылары бойынша бірлескен декларация қабылданды.

Декларацияда БҰҰ-ның орталық рөлін сақтай отырып жаһандық басқаруды жақсарту, Ауғанстанды қалпына келтіру, Ливия халқын қолдау үшін халықаралық қауымдастықты кеңінен жұмылдыру, т.б. өзекті мәселелер қарастырылған.
2011 жылы  Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың сапары барысында Францияда бірлескен қазақстандық-француз өндіріс құру туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан аумағында біріктіруші электр жетегін өндіретін бірлескен кәсіпорын ашу туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Альстом» (Alstom) команиясының арасындағы құжатқа қол қойылды. Бұдан басқа, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Францияның геологиялық және тау-кен зерттеу бюросы арасындағы сирек металл бойынша бірлескен зертхана құру

жобасы бойынша келісімге қол қойылды.

2012 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путин Павлодар қаласында өткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастығының ІХ Форумына қатысты. Соңында журналистерге арналған екі президенттің брифингі өтті.

2013 жылы Назарбаев орталығында «Скифтердің алтын мұрасы» атты көрме ашылды.

Көрменің ең басты әрі құнды жәдігері - «Алтын адам». 1969-1970 жылдары Алматы маңындағы Есік қорғанынан археолог-ғалым Кемал Ақышевтың басшылығымен экспедиция жұмысының нәтижесінде табылған «Алтын адам» скиф-сақ дәуіріне тән «аң стиліндегі» технологиясы жоғары бұйымдарды жасаудың жарқын үлгісі саналады. Ол бүгінде тәуелсіз Қазақстанның басты символдарының біріне айналды.

2014 жылы Павлодарда белгілі қазақ жазушысы, публицист, ақын, Алашорда көшбасшыларының бірі, 1931 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, атылған Жүсіпбек Аймауытовқа ескерткіш ашылды.

2016 жылы Мәскеуде соңғы 14 жылда бірінші рет Астана қаласының күндері өтті. Шараның басты мақсаты - 2016-2018 жылдарға арналған бағдарлама аясында Мәскеу мен Астана арасындағы мәдени және іскерлік ынтымақтастықты дамыту.

Соңғы жаңалықтар