+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

19 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 19 қазан 07:00
Бөлісіңіз:
19 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 19 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Құтқарушылар күні

Құтқарушылар күні Қазақстанда жыл сайын 19 қазанда атап өтіледі. Бұл атаулы күннің бекітілуі елімізде Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық мемлекеттік комитеттің құрылуымен байланысты.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1928 жылы Қарағанды облысындағы Қарсақбай елді мекенінде Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинаты («Жезқазғантүстімет» акционерлік қоғамы) құрылды. 1997 жылы шілдеде «Жезқазғантүстімет» акционерлік қоғамы негізінде «Қазақмыс» корпорациясы құрылды. Корпорация мыс және күміс өндіруден Қазақстанда бірінші орында болса, мыс өндіруден әлем бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Жезқазған аймағының дамуына, тау-кен металлургия кешенінің құрылуына қазақ ғалымы Қаныш Сәтбаев көп еңбек сіңірді.

1989 жылы Семей полигонында соңғы (221-ші) ядролық жер асты жарылысы жүргізілді.

2005 жылы «Қазпошта» АҚ Эстония поштасымен бірігіп, екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында «Аңшы иттер» тақырыбына арналған жаңа пошта маркасын шығарды. Жаңа маркада қазақ тазысы мен эстон тазысының суреті бейнеленген.

2010 жылы ҚР Ұлттық банкі 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарына арналған номиналы 500 және 5000 теңгелік ескерткіш күміс шақаларды айналымға шығарды.

2012 жылы «Хабар» агенттігі» АҚ құрамындағы тәулік бойы жаңалық тарататын «24KZ» (қазір «Хабар 24») арнасы өз жұмысын бастады. Аталған арна ұлттық цифрлық телевидениені дамыту бағдарламасының аясында құрылып, «Otau TV» ұлттық спутниктік жүйе арқылы хабар таратады.

2012 жылы Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымы 2012 жылғы ғылым және технология саласындағы БҒМЖИҰ сыйлығын М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің силикаттық технология және минералды синтез кафедрасының профессоры, доктор Беген Омарұлы Есімовке табыстайтынын жариялады.

2013 жылы Қазақстан Өндіруші салалардағы ашықтық бастамасын (ӨСАБ) жақтаушы мәртебесін алды.

2015 жылы Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Дамуға жәрдемдесу комитетінде ресми мәртебеге ие болды.

2015 жылы Лиссабонда FEANI Еуропалық инженерлік қоғамдар федерациясының Бас ассамблеясының отырысында Қазақстан инженерлік білім беру қауымдастығы (KazSEE) осы ұйымның толық мүшесі ретінде қабылданды.

2016 жылы Астанада Рақымжан Қошқарбаевқа арналған ескерткіштің ресми ашылу салтанаты болды. 11 метрлік монумент Б.Момышұлы және Р.Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан. Мүсіндік композицияның биіктігі 6 метрді құрайды. Ескерткіш авторы - белгілі мүсінші Асқар Нартов.

2017 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Өмір жолы» кітабы әзербайжан тіліне аударылды. Ол 500 дана таралыммен басылып, Әзербайжан елшіліктері мен өкілдіктеріне берілді. Кітап Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен жарық көрді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT