19 қарашада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 19 қараша күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.


НҰР-СҰЛТАН

11.00-де Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігінде «Мейірім миссиясы» халықаралық бағдарламасы аясында бірінші гуманитарлық миссияның қорытындысы бойынша брифинг өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Түркістан облысының дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz , https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz .

16.00-де Нұр-Сұлтан қалалық әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Атырау облысының дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz , https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz .

АЛМАТЫ

9.00-де Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ҚР ДСМ микробқа қарсы төзімділікті қадағалау жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру тобының отырысын өткізеді.

15.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – саяси тұрақтылық пен экономикалық өркендеудің негізі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың құқықтық моделі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.


Соңғы жаңалықтар