19 қарашада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 19 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы басталады.

11.00-де «Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ ZOOM платформасында онлайн брифинг өткізеді.

Брифинг барысында одақ «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру және агрессорлармен жұмыс істеу шараларын ұйымдастыру» жобасының қорытындысын ұсынады.

14.00-де Еуропалық жоғары білім кеңістігіне мүше елдердің Білім министрлерінің конференциясы өтеді. Ұйымдастырушы – Италияның жоғары мектеп және ғылыми зерттеулер министрлігі.

14.30-да «SHERATON NUR-SULTAN HOTEL» қонақүйінде «ADAL» саяси партиясының VII съезі өтеді.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде (Тәуелсіздік даңғылы, 54) «Нюрнберг сабақтары: есте сақтау үшін» көрмесі ашылады.

Нюрнберг процесінің 75 жылдығына арнайы дайындалған экспозицияда Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі, Ресей Тарихи қоғамы, Ұлы Отан соғысының орталық мұражайы (Мәскеу) және Қазақстандағы Ресей елшілігі Ресейдің жетекші мұрағаттарынан және Ресейдің қазіргі заманғы тарихы музейінен (Мәскеу) сирек кездесетін құжаттар мен фотосуреттерді ұсынады.

17.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінде «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи коды» және «Дипломатиялық сыйлықтар – адамзат мәдени мұрасының бөлігі» атты екі көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

19.00-де «G-Global. ХХІ ғасыр әлемі» халықаралық конгресінің пленарлық отырысы өтеді. Жиын мына платформада көрсетіледі.

АЛМАТЫ

11.30-да Мүлік иелері бірлестігі мен кондоминиум құру және тіркеу алгоритмі туралы онлайн брифинг өтеді.

14.30-да Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин инвестициялық жобаларды іске асыру туралы онлайн брифинг өткізеді.


Соңғы жаңалықтар