19 қарашада Айдың 500 жылдағы ең ұзақ тұтылуы болады
2021 жылғы 18 қараша 21:37

19 қарашада Айдың 500 жылдағы ең ұзақ тұтылуы болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 қарашада Айдың осы жылдағы соңғы тұтылуы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

www.gismeteo.kz мәліметінше, бұл жолғы ерекшелік – Айдың жартылай тұтылу уақыты ең ұзаққа созылады. Бұл жағдай соңғы 500 жылдан астам уақытта қайталанып отыр. Жартылай тұтылу фазасы 3 сағат 28 минут 24 секундқа, толық тұтылу 6 сағат 1 минутқа созылады. Сонымен қатар, Ай толады.

Астрологтардың болжамынша, Айдың толуы мен тұтылуының сәйкес келуі адамдардың өміріне өзгеріс әкеледі, бірқалыпты өмір ағынынан шығуға және ұмытылған ескі мәселелерді жандандыруға ықпал етеді.

19 және 20 қарашада мыналарды істемеген дұрыс - сапарға шығу, жұмыстағы мәртебеңізді өзгерту, жалақыны көтеруді талқылау, маңызды шешімдер қабылдау және ұзақ жоспарлар құру, операция жасату, көп ақша жұмсау.

Айта кетейік, қазақстандықтар Ай тұтылуын көре алмайды. Бұл астрономиялық құбылысқа Америка, Солтүстік Еуропа, Шығыс Азия және Аустралия тұрғындары куә бола алады.


Авторы: Сара Қабиқызы


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT