+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

19 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 19 қаңтар 07:00
Бөлісіңіз:
19 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 19 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік діндер күні

Жыл сайын қаңтар айының үшінші жексенбісінде БҰҰ-ның бастамасымен әлемде Дүниежүзілік діндер күні (World Religion Day) атап өтіледі. Атаулы күннің тарихы 1950 жылы басталды. Датаны барлық әлемдік діндердің мазмұнының біртұтастығын жеткізу және дін әлемді ұрысып-таластыратын емес, керісінше, біріктіретін күш екендігін көрсету мақсатында АҚШ-та бекітілді.

Дүниежүзілік қар күні (Халықаралық қысқы спорт түрлері күні)

Жыл сайын қаңтардың үшінші жексенбісінде аталып өтіледі. Халықаралық шаңғы спорты федерациясының бастамасымен бекітілген. Басты мақсаты - 4-14 жас аралығындағы балалар арасында қысқы спорт түрлерін насихаттау.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1940 жылы Қазақ мемлекеттік шет тілдер мұғалімдері институтының негізі қаланды (қазіргі - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті). Бүгінгі таңда университет Қазақстан және шетел мемлекеттерінде беделді оқу-ғылыми кешендерінің бірі болып саналады.

1992 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

1993 жылы Қазақстан Республикасының «Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңы қабылданды.

2009 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалы шектеулі таралыммен шығарылған 28 күміс кәдесый-естелік монеталарды Атырау мұражайына тапсырды.

2010 жылы Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының бастамасымен және қолдауымен Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы құрылды.

Қауымдастықтың негізгі мақсаты - орыс тілді мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін оқытуда инновациялық шешімдерді іздестіру және жасау, қазақ дәстүрлерін көпшілікке тарату, балалардың бойындағы өз еліне деген патриоттық және мақтаныш сезімдерін дамыту.

2010 жылы «Қазақмыс» Лондон қор биржасы алыптары арасында бірінші орынды иеленді. Қазақстандық компания үшін бұл – үлкен табыс. Ол оның менеджментінің кәсібилігін, іске асырылатын жобалардың перспективалығын және әріптестік байланыстардың әралуандығын қуаттайды.

2010 жылы қазақстандық ғалымдар «жасанды тері» - зақым келген теріні қалпына келтіру үшін жасуша трансплантанттарын алудың тәсілін жасап шығарды. Ең алғаш рет күйіктер мен жараларды емдеу үшін адамның терісінен жасуша алынды. Бұл әдіс Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сай келіп, Ұлттық ғылыми-медициналық орталықта клиникаға дейінгі тексерістен өтті.

2011 жылы ҚР Президенті «Назарбаев Университеті», «Назарбаев зияткерлік мектебі» мен «Назарбаев қорының» мәртебесі туралы» ҚР Заңына қол қойды.

2011 жылы қазақстандық альпинистер КСРО-ға еңбегі сіңген бапкер Ерванд Ильинскийдің басшылығымен Хан тәңірі шыңының басына VІІ қысқы Азия ойындарының жалауын тікті. VІІ қысқы Азиада 2011 жылдың қаңтар-ақпан айларында Астана және Алматы қалаларында өтті.

2012 жылы Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде сайлау нәтижесінде қазақстандық Марат Сәрсенбаев БҰҰ адам құқығы комитетінің құрамына кірді.

2015 жылы Сеулден Астанаға АРВ чемпиондық титулы жеткізілді. Белдік қара теріден жасалған. Қақ ортасында алтындатқан көпбұрышқа жазылған

«APB champion» жазуы, AIBA түсті логотипі бар. Оның оң және сол жағында шағындау «APB», «AIBA Pro Boxing», «60 kg» жазулары бар. Белдіктің салмағы 2 килограмм 680 грамм. 60 килограмға дейінгі салмақта 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының жолдамасы үшін өткізілген чемпиондық титул турнирінің финалында Берік Әбдірахманов өзбекстандық Хуршид Тожибоевты жеңіп, Рио Олимпиадасына жолдама алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

2017 жылы Қостанай іздеу экспедициясының қызметкерлері Қарабалық ауданында ірі магнетиттік кен орнын тапты. Кеннің болжамды көлемі 30 миллион тоннаны құрайды.

2017 жылы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) техникалық реттеу және аккредитация департаментінің директоры Арман Шаққалиев Американың материалдарды сынақтан өткізу қоғамдастығының (ASTM International) директорлар кеңесінің құрамына енді. ASTM International (American Society for Testing and Materials) - материалдар, өнімдер, жүйелер мен қызметтерге арнап стандарттар шығаратын АҚШ-тың ерікті халықаралық ұйымы. ASTM директорлар кеңесі АҚШ-тың өзге мемлекеттерінде қызмет ететін 25 компания, қауымдастық пен мемлекеттік орган басшыларынан құралады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT