19 ақпан күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН
9.30-да Park Inn қонақ үйінде химиялық заттарды реттеу және химиялық заттармен қауіпсіз жұмыс жасаудың мәселелері бойынша Экология кодексіне толықтырулар мен өзгертулер енгізуді талқылау жөніндегі семинар өтеді.
10.00-де ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы болады.
10.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен жаңадан ашылатын «Концерттік-гастрольдік қызмет бойынша мемлекеттік концерттік ұйымдардың республикалық орталығының» тұсаукесері өтеді.
10:00-де Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» ресурстық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Jas sarbaz – meıіrіmdіlіk bіrіktіredі» атты шара өтеді. Шара барысында «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері өз жетістіктерімен бөлісіп, «Smart sarbaz» көрмесі ұйымдастырылады.
10.00-де Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев азаматтарды қабылдайды.
12.20-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2020 жылдың міндеттері бойынша баспасөз маслихаты өтеді.
15.00-де «Astana IT University», ЕХРО аумағында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді.
15.00-де Мемлекеттік архивте Ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай – 2020» интеллектуалды викторина және мәнерлеп оқу сайысы өтеді.
16.00-де АХҚО биржасының сауда-саттық залында «Табысты бизнесті құру үшін АХҚО артықшылықтарын пайдалану» сессиясы өтеді.
16.00-де ҚР Әділет вице-министрі Пан Натальяның төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 10.00-де Halyk arena көп салалы кешенінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың беру кездесуі өтеді.
11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Алматы қаласының шығыс бөлігінде құны 65 миллион доллар тұратын Aport Mall East жаңа аймақтық сауда орталығы құрылысының басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де «Тұран» университетінде Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі «Заңдылық пен тәртіпті сақтау туралы» № 7 комиссияның кеңейтілген отырысы өтеді.
15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында ғалым-зерттеуші, баспагер Мұхтар Қазыбектің «Ғалым таныған ғұлама», «Тұрар Рысқұлов», «Қойбек би» кітаптарының тұсаукесері өтеді.
17.30-да Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының Arte галереясында «Астана балет» театрының Алматыға гастрольдік сапары туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Шығармашылық ұжымның гастрольдік сапары Абайдың 175 жылдығына орайластырылған.