19-20 маусым күндері Астанада WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресі өтеді

Фото: None
АСТАНА.ҚазАқпарат - ЭКСПО-ның іскерлік бағдарламасы аясында 19-20 маусым күндері Астанада «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асырудың әдістері» тақырыбымен (WSEC-2017) инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресі өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА шара ұйымдастырушыларына сілтеме жасап.  

Әлемдік энергия ресурстарын дамыту тетіктерін талқылауға белгілі қазақстандық және шетелдік ғалымдар қатысады. Олардың қатарында Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ Бас хатшысы жанындағы су және табиғи апат мәселелері жөніндегі жоғары деңгейлі көшбасшылар және сарапшылар тобы төрағасының кеңесшісі Чунг Рэй Квон, Tevva Motors LTD британ компаниясының негізін қалаушы және атқарушы директоры Ашер Беннетт, Оңтүстік Кореядағы Жаңа және жаңартылған энергия көзі қоғамының президенті Ли Юнг-Хо, Токио университетінің профессоры, JAEA бірлескен зертханасы басшысының орынбасары Коджи Окамото, сондай-ақ, белгілі қазақстандық ғалымдар, академик Э.Батырбеков, Г.Мун, Н.Нәдіров, В.Школьник және т.б. бар.

Соңғы жаңалықтар