180-нен астам қазақстандық компания тауарларын Қытай нарығына шығару құқығын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 180-нен астам қазақстандық компания тауарларын Қытай нарығына шығару құқығын алды. Бұл туралы «Бір белдеу - бір жол» бастамасының 5 жылдығына арналған қазақ-қытай бизнес форумында ҚР Сыртқы сауда палатасы төрағасының орынбасары Нұралы Бөкейханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда дәл осы Астанада ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин өзінің «Бір белдеу - бір жол» бағдарламасын жарияланған болатын. Енді міне 5 жыл өткеннен кейін оның белгілі бір деңгейдегі қорытындысын шығаруымыздың да нышандық мәні бар. Бүгін біз өткізіп жатқан бизнес форумға Қытай тарапынан 150, ал Қазақстан тарапынан 300-ден астам компания қатысуда. Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда қарқыны оң сипатқа ие. Жыл сайын Қытай сауда-саттық үшін біздің тарапымызға көптеген тауарлық позицияларды ашып отыр. Қазіргі уақыттың өзінде 180-нен астам қазақстандық компания қытайлық инспекциядан өтіп, өз тауарларын Қытай нарығына жеткізу құқығына ие болды», - деді ол.

Сонымен қатар ол бүгінде Қытай әлемдегі ең келешегі зор нарықтардың біріне айналып отырғанын баса айтты.

«Ол таяу бесжылдыққа көлемі бойыша бірінші сату нарығы болады. Ағымдағы жылы Қазақстан үшін атаулы оқиғалар өтті. Қараша айында Шанхай импорт көрмесінде Қазақстан ұлттық стендін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Биылдың өзінде біздің Қытайға экспортымыз 5 млрд 600 млн доллардан асып түсті», - деді Нұралы Бөкейханов.

Соңғы жаңалықтар