180 мемлекет пластик санын азайтуға келісті - БҰҰ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Канаданың Премьер-министрі Джастин Трюдо 2021 жылы теңіздегі қалдықтарды азайту мақсатында зиянды бір реттік пластиктерден мүлдем бас тартатынын хабарлады, деп жазады ВВС басылымы.

Автордың айтуынша, Еуропалық Одақ та былтыр осыған ұқсас заң қабылдаған.

«Бүгінгі таңда Канадада пластик қалдықтардың 10%-ы қайта өңделеді. Пластикпен ластану жаһандық проблема саналатындықтан, Канада да пластикке қарсы күресті қолға алған», деп жазады автор.

Мамыр айында БҰҰ 180 мемлекеттің теңізге түсетін пластик санын азайту туралы келісімге қол жеткізгенін хабарлады.

«Мұндай пластиктер теңізге түскен соң балық, теңіз тасбақалары мен басқа да жәндіктерге зиянын тигізетіндіктен проблемамен күресу маңызды», - дейді автор.

Оның жазуына қарағанда, Канаданың да бұл келісімге қосылу себебі, мұнда жылына 3 миллион тонна қалдық тасталады.

«2018 жылы қазан айында Еуропалық Одақ теңіздің ластануын тоқтату үшін бір реттік пластик өнімдерін пайдалануға түбегейлі тыйым салу туралы ұсынысқа дауыс берген еді. Келісім 2021 жылы күшіне енбек» деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар