18 желтоқсанда Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат–Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы қаласында кәсіпқой бокс кешін өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

BoxRec порталындағы ақпаратқа сәйкес, бокс кешін «MTK Global Kazakhstan» және «TukeshovBoxing Promotions» промоутерлік компаниясы 18 желтоқсан күні Алматы қаласында өткізеді. Бокс кешінде 22 жұп шаршы алаңға шығып, екі титулды жекпе-жекті сарапқа салады.

Сондай-ақ, Әлімжан Тұрсынов (4-0, 3 КО), Мирас Ертанов (2-0, 0 КО), Қамшыбек Қоңқабаев (1-0,1КО) және Сұлтан Заурбек (9-0, 7КО) бастаған қазақстандық боксшылар жекпе-жек өткізеді.


Соңғы жаңалықтар