Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

18 жастағы студент Каспий теңізіне батып кетті

2022 жылғы 7 маусым 21:06

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жас жігіт суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 маусым күні кешкі 16.20 кезінде құтқару қызметіне Ақтау қаласы Самал-2 ықшамауданында теңіз жағалауында бір адамның суға кеткені туралы хабар түскен.

«Суға кеткен адам - 2004 жылы туған Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының тумасы. Бозбала Маңғыстау өнер колледжінің 1-курсында оқып жүрген, сол оқу орнына қарасты №5 жатақханада тұрған. Қазіргі уақытта марқұмның денесін іздеу жұмысы жүріп жатыр», - дейді Ақтау қаласы төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс тобының офицері, аға лейтенант Азамат Төлегенов.

ТЖД мәліметінше, жастар жағалауда TikTok желісіне арнап видео түсіріп жүрген.

Үшеуі пирстен теңізге секірген, екеуі жағаға жүзіп шыққанымен үшінші жігіт суға батып кеткен.

Іздеу жұмысына 15 құтқарушы және екі сүңгуір тартылған.


Автор:

Жанат Қапалбаева

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары