18 жастағы қыздың өлімі: Қостанайлық полицейлер көмек сұрады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі тұрғындарға үндей жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 шілде күні сағат 22:00-ден 23:00-ге дейінгі аралықта Қостанай - Затобол автожолынан өткен жүргізушілерден автомобильдерінің видеотіркеуіштері түсірген жазбаларды полицияға ұсынуын сұраймыз, сондай-ақ тұрғындардан 18 жастағы қыздың өліміне қатысты жайттар бойынша 102, 52-60-21, 52-60-22, 52-60-54 телефон нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 20 шілдеде Қостанай облысының Затобол кентінде 18 жастағы Дарья Махартова хабар-ошарсыз кеткен болатын.

Өкінішке қарай, ертеңіне оның денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылған.

ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар