18 жастағы қостанайлық қыздың өлімі: сот үкімі қатаңдатылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының сотында Дарья Махартованың өліміне қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Көз жұмған қыздың анасы сотталғандарға қатысты сот үкіміне аппеляциялық шағым түсірген болатын. Ол соттан қызын өлтірген Руслан Ажанов пен Анатолий Шевченконы өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкім шығаруды сұраған.

«Сот алқасы Ажанов пен Шевченконың жазасын қатаңдатты. Олар жаза мерзімінің алғашқы 5 жылын Арқалық түрмесіндегі толық оқшаулағышта өткізеді. 5 жылдан кейін олар жазасын қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде өтейді. Р.Ажановтың аппеляциялық шағымы қарастырылмады», - делінген облыстық баспасөз хабарламасында.

Еске салсақ, Қостанай ауданының Затобол ауылында жоғалып кеткен 18 жастағы Дарья Махартованың денесі орман алқабынан табылды. Ол 20 шілде күні сағат 22.00 шамасында үйінен шығып, қайта оралмаған.

Осы жылдың ақпан айында Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Дарья Махартованың өліміне қатысты сот үкімі шықты. Руслан Ажанов 23 жылға, ал Анатолий Шевченко 25 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Соңғы жаңалықтар