18 жастағы қостанайлық қыздың өлімі: сот үкім шығарды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Дарья Махартованың өліміне қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

«Сот үкімімен Руслан Ажановқа қауіпсіздігі ең жоғары түзету мекемесінде 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Анатолий Шевченкоға қауіпсіздігі ең жоғары түзету мекемесінде 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп үкімді оқыды сот төрешісі Жанар Тілеубаева.
null

Сот үкімі бойынша, сотталғандар қаза болған бойжеткеннің анасына 4 млн теңге көлемінде моральдық шығын төлеуі тиіс. Сонымен қатар сотталушылар бас бостандығынан айыру орындарында психиатрдан мәжбүрлеп емдеу шараларынан өтеді. Бұған қоса Р. Ажановқа алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.
null

Еске салсақ, 2018 жылғы 20 шілдеде 18 жастағы Дарья Махартова үйінен шығып, қайтып оралмаған.

Кейін оның денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылды. ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар