Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.04 EUR 427.77
RUB 5.88 CNY 54.45
Jańalyqtar

18 жастағы қостанайлық қыздың өлімі: полицейлер қамауға алынды

2018 жылғы 24 шілде 18:13 253
Бөлісіңіз:
18 жастағы қостанайлық қыздың өлімі: полицейлер қамауға алынды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат -  18 жастағы Дарья Махартова қаза тапқан күні полицияға қоңырау шалып, шақырту кезінде дұрыс жауап қатпаған Қостанайдың екі полицейі тұтқынға алынды. Қостанай облысы ІІД аталмыш фактіні растады және осыған орай түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Жергілікті полиция қызметінің старшинасы және аға сержанты ұсталып, уақытша тергеу оқшаулағышына қамалған.

«20 шілдеде 22 :16-да қаланың Ішкі істер басқармасының Жедел басқару орталығының «102» операторынан Қостанай-Затобол жолында белгісіз ер адамның  әйелге зорлық көрсетіп жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген полицейлер жолға жақын  ағаш отырғызылған аумақты жіті қарамаған. Кейін белгілі болғандай, зардап шеккен қыздың денесі дәл сол маңда жатқан. Осылайша, ІІД-нің Жеке қауіпсіздік басқармасы полиция қызметкерлерінің міндеттерін орындау кезінде немқұрайлық танытқанын анықтап отыр», - деді ІІД өкілі.

Ішкі істер департаменті Жеке қауіпсіздік басқармасының тергеушісі полицейлерді қамауға алу туралы өтініш білдірген соң сот қолдау көрсетті.

Полицейлердің ісіне қатысты ҚР ҚК 371-бабы («Немқұрайлылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 18 жастағы Дарья Махартова 20 шілде күні сағат 22.00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған. Із-түзсіз жоғалып кеткен Затобол ауылы тұрғынының денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылды. ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Кейінірек полицейлер күдіктінің фотороботын жасап шығарды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қостанай облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT