Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

18 жастағы қостанайлық қыздың өлімі: іс сотқа жетті

2018 жылғы 26 желтоқсан 12:24 473
Бөлісіңіз:
18 жастағы қостанайлық қыздың өлімі: іс сотқа жетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 18 жастағы Дарья Махартованың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылдың 25 желтоқсанында Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Р. Ю. Ажановқа және А.А.Шевченкоға қатысты қылмыстық іс келіп түсті» делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кету керек, екі күдікті де ерекше қатыгездікпен адам зорлағаны, адамдар тобы жасаған жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері, басқа қылмысты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында аса қатыгездікпен адам өлтіргені үшін айыпталып отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 20 шілде күні сағат 22.00 шамасында Қостанай облысының Затобол кентінде 18 жастағы Дарья Махартова үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Кейінірек бойжеткеннің денесі орман алқабынан табылды. Іс материалдарында көрсетілгендей, полицейлердің өз міндетін дұрыс атқармауынан куәгерлер хабарлаған қылмыс орны жіті қаралмай, Қостанай АІІБ жедел кезекші көмекшісінің нұсқауы еленбеген.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Заң, Сот, Қостанай облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT