Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.01 eur/kzt 490.15

    rub/kzt 7.81 cny/kzt 70.64
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

18 жасқа толған Диясбек Жолжақсиев дауыс беру құқығын пайдаланды

2022 жылғы 5 маусым 13:10

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Дауыс беру конституциялық құқығын алғаш пайдаланған Шардара ауданының 18 жастағы тұрғыны Диясбек Жолжақсиевке референдум учаскесінде сыйлық берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Диясбек Жолжақсиевтің бұл өміріндегі ең алғашқы дауыс беруі. Таңертеңмен Шардара қаласындағы №852 референдум учаскесіне келген ол, арнайы сыйлыққа ие болды.

«Мен өз таңдауымды жасадым. Еліміздің ертеңі жарқын болуы керек. Себебі, елімнің болашағы –бұл менің болашағым», - дейді ол.

Жалпы Шардара ауданында халықтың белсенділігі жоғары. Таңертеңмен келіп дауыс берушілердің арасында әскери қызметшілер мен медицина, білім саласының мамандары, ерікті жастар мен қариялар да болды.

Сондай-ақ Семей ядролық полигоны қозғалысының төрағасы Назар Тоқсанбаев отбасымен бірге өз таңдауын жасады. Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов те референдумда дауыс беріп, науқан қатысушыларына батасын берді.


Автор:

Қайрат Зайнишев

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары