18 жасар жігіт бір түнде екі бірдей көлікті айдап әкетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Көкшетауда бір түнде екі бірдей көлікті айдап әкеткен 18 жасар жігіт қолға түсті, деп хабарлады облыстық ІІД баспсөз қызметінен.

Алдымен Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне 1956 жылғы қала тұрғыны түнгі уақыт 00:10 шамасында үй ауласында тұрған "Москвич" автокөлігін ұрлап әкеткені жөнінде шағымданса, кейін тағы бір жергілікті 1961 жылғы азамат түнгі 23:00 шамасында үй ауласында тұрған "Газ 3110" көлігінің аяқасты жоқ болып кеткенін айтып жеткізген.

Осыған орай полицейлермен қолға алынған жедел-іздестіру шарасы барысында 1996 жылғы көкшетаулық қолға түсті.

Күдікті бірден жасаған қылмысын мойындады.

Қазіргі кезде, күдікті уақытша ұстау тергеу изоляторына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 185-бабының 2-бөлімі (айдап әкету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар