18 жасар тараздықтан тапанша табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының тұрғынынан атыс қаруы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қалалық Полиция басқармасының 102 пультіне қала тұрғынынан көңіл көтеру орындарының бірінің ауласында қарудың атылған даусы шыққандығы жайлы хабарлама түскен.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тез арада аталған оқиға орнына жетіп, Жамбыл облысы Қаратау қаласының 18

жастағы тұрғынын травматикалық тапаншамен ұстаған. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның айтуынша, тапаншаны тек ойын үшін, қорқыту мақсатында аспанға атқан. Әлеуметтік

желідегі дүкендердің бірінен ойыншық патрондарымен бірге сатып алған, ал құжаттарын үйінде қалдырып кеткен.


Соңғы жаңалықтар