18 тамызда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
2022 жылғы 17 тамыз 20:04

18 тамызда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 18 тамыз күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

11.00-де «Men mediakz» кросс-медиа платформасында «Спорттағы тартыс: Қазақстан таэквондосында не болып жатыр?» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Онлайн трансляция Men mediakz Фейсбук және Телеграм парақшаларында көрсетіледі.

11.00-де Қазақстан Халық партиясы кеңсесінде Кіші Талдыкөл проблемасына арналған дөңгелек үстел өтеді.

19.00-де Chaplin Mega Silk Way кинотеатрында «48 сағатта түсіру» VII Орталық-Азиялық қысқаметражды фильмдер байқауында түсірілген фильмдер көрсетіледі.

АЛМАТЫ

10.30-де Н. Назарбаев Қорында Әлемдік экономика және саясат институты «Орталық Азия елдері интеграциясының келешегі» атты дөңгелек үстелді өткізеді.

12.00-де Қазақстан Баспасөз клубында Алматы қаласының азаматтары үшін тегін заң консультациясын беретін «Заң консультациясы» орталығының ашылуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT