+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

18 тамыз. Туған күн иелері

2019 жылғы 18 тамыз 08:08
Бөлісіңіз:
18 тамыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 18 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


66 жыл бұрын (1953) ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Тұрсынұлы ЖҰМАҒҰЛОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, «Әділет» жоғары құқық мектебін бітірген. 1979-1991 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің аға инженері, аға оқытушысы, доценті, проректоры. 1991-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясы Төралқасының хатшысы, вице-президенті, президенті. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі. 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің бөлім меңгерушісі. 2005-2007 жылдары «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2008 - 2010 жылдары - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры. 2008 жылы мамырда Ислам елдері Инженерлік академиялары федерациясының бірінші вице-президенті болып сайланды. 2010 - 2013 жылдары - ҚР Білім және ғылым министрі. 2014 - 2017 жылдары Ұлттық инженерлік ғылым академиясының президенті. Қазіргі қызметінде 2017 жылдың маусым айынан бері.

«Парасат» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халықаралық инженерлік академияның академигі


42 жыл бұрын (1977) алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Мұрат Баритұлы ТЕМІРЖАНОВ дүниеге келген.

Ақмола облысы Бурабай ауданы Наурызбай батыр селосында туған.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін бітірген, АӨК салаларындағы инженер-экономист; Қазақ гуманитарлық заң университеті, юриспруденция бакалавры.

1998-2000 жылдары Көкшетау қаласы бойынша Салық комитеті жеке тұлғалар бөлімінің салық инспекторы. 2000-2001 жылдары Ақмола облысы бойынша Салық комитеті аудит бөлімінің бас салық инспекторы. 2001 ж. Ақмола облысы Зеренді ауданы бойынша Салық комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы. 2001-2006 жылдары «Рамут» ЖШС қаржылық директоры. 2008-2011 жылдары «Баймырза-Агро» ЖШС бас директоры. 2008-2013 жылдары «Рамут корпорациясы» ЖШС қаржылық директоры, бас директоры. 2013-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы, Астана қаласы - Консультант. 2014-2016 жылдары «AgroInterTech» ЖШС бас директоры, Көкшетау қаласы, 2012-2013 жылдары 5-сайланған Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы. Ақмола облысы «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының мүшесі. 2015-2016 жылдары 5-сайланған Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Депутаттық әдеп, заңдылық, экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі. ФМБ НЗМ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Көкшетау қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы университеттің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Ақмола облысы бойынша «Атамекен» ҰКП Өңірлік кеңесінің мүшесі. 2016 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет» орденімен (2009), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР мәслихатына 20 жыл» медальдарымен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», «Қазақстан полициясына 20 жыл» төсбелгілерімен марапатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT