18 тамыз. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 18 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

null 75 жыл бұрын (1943) ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Жылыой ауданының құрметті азаматы  Аманғос ЕРШУОВ дүниеге келді.

Атырау облысының Ембі ауданында туған. Атырау педагогикалық институтын бітірген. 1966-1967 жылдары - Атырау облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің әдеби қызметкері. 1967-1980 жылдары Амангелді орта мектебінің мұғалімі, интернат директоры болған. Ақынның «Көкжиегім - келешегім», «Шопан баласы», «Жылқышының ұлы», «Алтын босаға», «Шұғылалы шақтар», «Пір Бекет пен Жыр Зекет», «Оғыланды», «Бабам мен Атамның жолы бақытқа бастаған жол», «Аманқос», «Махаббат мәңгілік», «Жаралы жылдар», «Асалы мен Көкетай» атты шығармалары бар. Ол Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті жабық конкурсының 2 мәрте лауреаты атанған. 

«Құрмет» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Халық ағарту ісінің үздік қызметкері» белгісімен марапатталған.


null 72 жыл
 бұрын (1946) академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Құджабайұлы ҚОЙГЕЛДИЕВ дүниеге келген. 

Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Қырғыз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ғалым, тарих ғылымының докторы (1994), профессор (1995), белгілі алаштанушы. 1971- 2002 жылдары ҚазҰУ-де, Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтында, ғылыми-педогогикалық жұмыстармен айналысты. 2002-2006 жылдары ҚР ҰҒА-ның Тарих және этнология институтының директоры болды. 2004 жылдан Қазақстан тарихшылар қауымдастығының президенті. ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметін зерттеумен шұғылданады. Тарих ғылымында Алаш қозғалысы тарихына жаңа көзқарас қалыптастырды. Сондай-ақ орта ғасырдағы қазақ ғұламасы, тарихшы Қадырғали Қосымұлының «Жылнамалар жинағы» ортағасырлық тарихи жазба дәстүрі негізінде өмірге келген құнды еңбек екендігін ғылыми тұрғыда негіздеді. 


null 65 жыл
 бұрын (1953) ҚР Парламенті Сенатының депутаты   Бақытжан Тұрсынұлы ЖҰМАҒҰЛОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, «Әділет» жоғары құқық мектебін бітірген. 1979-1991 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің аға инженері, аға оқытушысы, доценті, проректоры. 1991-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясы Төралқасының хатшысы, вице-президенті, президенті. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі. 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің бөлім меңгерушісі. 2005-2007 жылдары «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының төрағасы, төрағасының бірінші орынбасары. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2008 - 2010 жылдары - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры. 2008 жылы мамырда Б.Т.Жұмағұлов Ислам елдері Инженерлік академиялары федерациясының бірінші вице-президенті болып сайланды. 2010 - 2013 жылдары - ҚР Білім және ғылым министрі. 2014 - 2017 жылдары Ұлттық инженерлік ғылым академиясының президенті. Қазіргі қызметінде 2017 жылдың маусым айынан бері.

Ғалымның ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары мұнай өндіріудің технологиялық процестерін математикалық модельдеу, мұнай кендерін игеруді автоматты талдаудың компьютерлік жүйесін жасау мәселелеріне арналған. Ол сұйықтық пен газ механикасының модельдері үшін жуықтама әдістерінің математикалық проблемаларын зерттеді, мұнай өндіру өнеркәсібі үшін болжау мен талдаудың автоматты жүйелерін жасады. Оның ғылыми зерттеулерінің нәтижелері республиканың бірқатар мұнай өндіруші кәсіпорындарында қолданылып, мұнайлы қабаттардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Жалпы ғалымның 350-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 7 монографиясы бар. Оның жетекшілігін бірқатар ғылым кандидаты мен докторы диссертация қорғаған.

«Парасат» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халықаралық инженерлік академияның академигі 

null 65 жыл бұрын (1953) «Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы» акционерлік қоғамының президенті ЛЕФТЕР Виктор Дмитриевич дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген, Мәскеуде КСРО Байланыс министрлігінің Білім жетілдіру институтында, ҚР-дағы Франция елшілігінде білім жетілдіру және қайта даярлау курстарында даярлықтан өткен.

Целиноград облысының байланыс мекемелерінде жұмыс атқарды. 1989-1996 жылдары - Республикалық радиоэлектрондық байланыс құралдарының электромагниттік үйлесімділігі орталығында мемлекеттік инспекция бастығы. 1996-1999 жылдары - Республикалық мемлекеттік электр байланысы инспекциясы бастығының орынбасары - Ақмола облысы бойынша электр байланысы мемлекеттік инспекциясының бастығы. 1999-2000 жылдары - Астана қаласы бойынша көлік құралдары басқармасы бастығының орынбасары. 2000-2003 жылдары - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы. 2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҮБҚ РМК байланыс бөлімінің бастығы. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған, «Құрметті байланысшы» атағына ие болған.

64 жыл бұрын (1954) техника ғылымдарының кандидаты  Қозыкөрпеш Ілиясұлы ЕСЕНБЕРЛИН дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Қазақ политехникалық институтының инженері, Республикалық студенттік құрылыс отряды штабының сектор меңгерушісі, Республикалық тас өңдеу комбинатының аға шебері, цех бастығы. 1989-1992 жылдары - «Геожүйе» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры. 1992-1994 жылдары - «Әлемсистем» қаржы-инвестициялық корпорациясының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі. 1994-1995 жылдары - «Азия-лизинг» акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік комитеті жанындағы Лизинг жөніндегі департаменттің директоры. 1995 жылдан - «Азия-Лизинг» АҚ-ның президенті, І.Есенберлин атындағы қоғамдық қордың президенті. 2001 жылдан - «Көшпенділер» баспа үйінің президенті. «Өмір туралы сұхбат» атты кітап авторларының бірі.

null 41 жыл бұрын (1977) алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшес Мұрат Баритұлы ТЕМІРЖАНОВ - дүниеге келген.

Ақмола облысы Бурабай ауданы Наурызбай батыр селосында туған.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін бітірген, АӨК салаларындағы инженер-экономист; Қазақ гуманитарлық заң университеті, юриспруденция бакалавры.

1998-2000 жж. Көкшетау қаласы бойынша Салық комитеті жеке тұлғалар бөлімінің салық инспекторы. 2000-2001 жж. Ақмола облысы бойынша Салық комитеті аудит бөлімінің бас салық инспекторы. 2001 ж. Ақмола облысы Зеренді ауданы бойынша Салық комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы. 2001-2006 жж. «Рамут» ЖШС қаржылық директоры. 2008-2011 жж. «Баймырза-Агро» ЖШС бас директоры. 2008-2013 жж. «Рамут корпорациясы» ЖШС қаржылық директоры, бас директоры. 2013-2014 жж. ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы, Астана қаласы - Консультант. 2014-2016 жж. «AgroInterTech» ЖШС бас директоры, Көкшетау қаласы, 2012-2013 жж. 5-сайланған Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы. Ақмола облысы «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының мүшесі. 2015-2016 жж. 5-сайланған Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Депутаттық әдеп, заңдылық, экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі. ФМБ НЗМ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Көкшетау қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы университеттің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Ақмола облысы бойынша «Атамекен» ҰКП Өңірлік кеңесінің мүшесі. 2016 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет» орденімен (2009), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР мәслихатына 20 жыл» медальдарымен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», «Қазақстан полициясына 20 жыл» төсбелгілерімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар