+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

18 сот орындаушы коллекторлармен заңсыз байланысы үшін лицензиядан айырылды

2021 жылғы 26 қазан 22:44
Бөлісіңіз:
18 сот орындаушы коллекторлармен заңсыз байланысы үшін лицензиядан айырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрлігінің бастамасымен 18 сот орындаушысы лицензияларынан айырылды. Министр Марат Бекетаевтың айтуынша, бұған коллекторлармен заңсыз байланыс себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бірден айта кетейін, 18 сот орындаушысы Әділет министрлігінің бастамасымен лицензиясынан айырылды. Министрлік заңбұзушылықтарды, олардың коллекторлармен заңсыз байланысын анықтады. Бұл сот ісін жүргізуге және лицензиядан айыруға негіз болды. Шынында да, мұндай ұласу болмауы керек», - деді ведомство басшысы Хабар арнасындағы «Ұлттық мүдде» телебағдарламасында.

Оның айтуынша, министрлік соттың орындалуын әрі қарай дамытудың екі жолын таңдады.

«Бірінші – ашықтықты қамтамасыз ету, оның ішінде электрондық жүйелерді дамыту. Екінші – сот орындаушыларының өзін-өзі реттеуін дамыту. Ашықтық туралы айтатын болсақ, бұрын аукциондар Әділет министрлігі таңдаған алаңда өтетін. Конкурс өтеді, жеке компания оны жеңіп алады, үш жылға аукционды ұйымдастыруға келісім жасалады. 2018 жылдан бері жеке алаңдар таңдалмайтын болды. Енді мемлекеттік электрондық жүйе базасындағы аукцион алаңы пайдаланылады және тыйым салынған мүлікті сату туралы барлық хабарландырулар жылжымайтын мүлік пен автомобильдерді сату бойынша танымал платформаларда қайталанады. Аукционға қатысушылар неғұрлым көп болса, қатысушылар тыйым салынған мүлік үшін бәсекелестікте соғұрлым жақсы баға береді», - деп түсіндірді министр.

Оның айтуынша, қазір аукциондық алымдар электрондық жүйенің одан әрі дамуына жұмсалмай, инвестициялар үшін пайдаланылады.

«Осының арқасында жеке сот орындаушылары үшін тиімді электрондық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік туды. Яғни, қазір олар әртүрлі банктерде борышкерлердің ақша туралы сұрауларына бірнеше күн жауап күтпейді. Санаулы минуттарда банктердің электронды жүйесі арқылы жауап алады. Мемлекеттік мәліметтер базасымен де дәл солай. Тұрақты қаржыландырудың арқасында бірнеше минут ішінде 20-дан астам электрондық жүйеден ақпарат ала алуға болады. Бұл функционал аукциондық алымдар есебінен тіркелді. Ашықтық пен өзін-өзі реттеуді дамытуға келсек, жеке сот орындаушылар палатасы бұрынғыдан әлдеқайда тиімді жұмыс істеуде. Палатаның егжей-тегжейлі бюджетін веб-сайттан көруге болады. Сайтта мүшелік жарнаның қашан енгізілгені, палатаның барлық қызметкерлерінің, оның ішінде төрағаның жалақысын да көруге қолжетімді», - деді Марат Бекетаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT