Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.82 EUR 428.67
RUB 5.86 CNY 54.95
Jańalyqtar

18 шілде. Туған күн иелері

2019 жылғы 18 шілде 08:08 160
Бөлісіңіз:
18 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 18 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

58 жыл бұрын (1961-1999) актер, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сағи Асанәліұлы ӘШІМОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы театр және кино институтын бітірген. Кинодағы ең алғашқы рөлі - «Өз дәніңді өсір» фильміндегі Қалам. Кейін «Мазасыз балалардағы» Әкім, «Ойлануға бір айдағы» Арыстан, «Қаралы сұлудағы» қызметші, «Айсұлу жайлы аңыздағы» Тәуекел хан, 4 сериялы «Шоқан Уәлиханов» телефильміндегі Шоқан, қазақтың тұңғыш көпсериялы «Тоғысқан тағдырлар» телефильміндегі Темір Сабыровтың рөлдерін сомдаған.

54 жыл бұрын «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Еркінұлы ЖАҚСЫБЕКОВ дүниеге келді.

Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университетін (Мәскеу) бітірген. Инженер-геолог, француз тілінің аудармашысы.

Еңбек жолы: Атырау бұрғылау жұмыстары басқармасында учаске геологы (1993-1994); «Қазақойл-Ембі» ААҚ-на қарасты «Мақатмұнай» басқармасының бас геологы (1999-2000); «Қазақойл-Ембі» ААҚ Мақат ауданындағы ұңғымаларды күрделі жөндеу және қойнауқаттың өнімділігін арттыру бойынша учаске бастығының орынбасары, бас геологы (1997-1999); «Қазақойл» ҰК» АҚ өндірісті басқару департаментінің менеджері (2001); «Қазақойл» ҰК» АҚ өндірісті басқару департаментінің бас инженері (2000-2001); «Қазақойл» ҰК» АҚ геология және кен орындарын игеру департаменті директорының орынбасары (2001-2003); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ геология департаментінің директоры (2004); «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ геологиялық-технологиялық қызметтің геология және геофизика департаментінің директоры (2004-2007); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ геология, геофизика және резервуарлар департаментінің директоры (2007-2009); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ геология, геофизика, барлау және игеру блогы департаментінің директоры (2009); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атынан құрылған «Норт Оперейтинг Компани» ЖШС геологиялық барлау жөніндегі менеджері (2009-2013); «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының геология және игеру жөніндегі орынбасары, перспективалық жобалар жөніндеші бас директордың орынбасары (2013); «Қашаған Б.В.» ЖШЖКФ бас директорының перспективалық жобалар және операциялық қызметтер жөніндегі орынбасары (2013-2015); «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары (2015-2017).

Қазіргі қызметінде – 2017 жылдың сәуір айынан бері.

ҚР Мұнай және газ министрлігінің «ҚР мұнай-газ саласын дамытудағы үлесі» үшін медалімен (2014), Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, СССР мұнай өнеркәсібі министрілігінің құрмет грамоталарымен және белгілерімен марапатталған; «ҚР Жер қойнауын үздік барлаушы» төсбелгісінің иегері (2012).

51 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасының басшысы Дәурен Құнанбайұлы БЕКЖАНОВ дүниеге келді.

Омбыда (РФ) дүниеге келген. Фрунзе атындағы Омбы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1989) және РФ Федералдық шекара қызметі академиясын аяқтаған (2000).

Офицерлік қызметінде мотоатқыштар взводының командирі, шекаралық бақылау бөлімшесі бастығының орынбасары, шекара қызметі бөлімінің бастығы, жеке бақылау-өткізу бөлімшесінің бастығы, өңірлік басқарма бастығының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Қазіргі қызметінде – 2014 жылдың наурыз айынан бері.

49 жыл бұрын (1970) ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Әлия Қайратқызы ҒАЛЫМОВА дүниеге келді.

Павлодар қаласында дүниеге келген.

1987-1992 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінде Саяси-әлеуметтік пәндер оқытушысы мамандығы бойынша білім алған. Тарих ғылымдарының кандидаты;

1992-1994 жылдары Павлодар қаласындағы Қазақ-Герман техникалық бизнесс-колледжінде тарих пәнінің мұғалімі; 1995-2003 жылдары С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің мұғалімі; 2000-2003 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мұғалімі; 2003-2008 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, бөлім меңгерушісі, әлеуметтік-саяси бөлімі басшысының орынбасары; 2008-2010 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 2010-2012 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары; 2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы болып қызмет етті. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2015-2016). «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі (02.2016 - 11.2016). ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы (2016-2019).

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың сәуірінен бері.

Марапаттары: «Құрмет» ордені, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі.

43 жыл бұрын (1976) «Ел» продюсерлік орталығының бас директоры, музыкалық және этнографиялық жобалардың авторы, «Қызыл Алма» халықаралық сыйлығының иегері Айгүл Еділқызы БЕЙСЕНБАЕВА дүниеге келген.

Жамбыл облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін шығыстану мамандығы бойынша бітірген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT