18 шілде. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 18 шілде күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына 18 шілденің есімдер күнтізбесін ұсынады.

18 шілде, СӘРСЕНБІ

ЕСІМДЕР

null 79 жыл бұрын (1939) жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ТІЛЕУХАНОВ Төлек дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын мектеп мұғалімі болып бастаған. 1974-1996 жылдары «Жазушы» баспасының аға редакторы, бөлім меңгерушісі, «Айқап» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1996 жылдан «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі болған.

Қаламгердің шығармалары 1965 жылдан бастап жарық көре бастады. Оның «Көрші келіншек», «Шарапатты жан», «Өзгенің бақыты үшін», «Өмір арнауы», «Мәуелі бәйтерек» әңгіме-повестері, «Келешек кіріспесі», «Үш ұрпақ мұңы» романдары жарық көрген. Көркем аударма саласында А.Маршалдың, А.Чеховтың, А.Плавканың, Х.Нәзірдің, А.Беляевтің шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.


null 57 жыл
 бұрын (1961-1999) актер, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ӘШІМОВ Сағи Асанәліұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы театр және кино институтын бітірген. Кинодағы ең алғашқы рөлі - «Өз дәніңді өсір» фильміндегі Қалам. Кейін «Мазасыз балалардағы» Әкім, «Ойлануға бір айдағы» Арыстан, «Қаралы сұлудағы» қызметші, «Айсұлу жайлы аңыздағы» Тәуекел хан, 4 сериялы «Шоқан Уәлиханов» телефильміндегі Шоқан, қазақтың тұңғыш көпсериялы «Тоғысқан тағдырлар» телефильміндегі Темір Сабыровтың рөлдерін сомдаған.

null 48 жыл бұрын (1970) ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы ҒАЛЫМОВА Әлия Қайратқызы дүниеге келді.

Павлодар қаласында дүниеге келген.

1987-1992 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық университетінің тарих факультетінде Саяси-әлеуметтік пәндер оқытушысы мамандығы бойынша білім алған. Тарих ғылымдарының кандидаты;

1992-1994 жылдары Павлодар қаласындағы Қазақ-Герман техникалық бизнесс-колледжінде тарих пәнінің мұғалімі;

1995-2003 жылдары С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің мұғалімі;

2000-2003 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мұғалімі;

2003-2008 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, бөлім меңгерушісі, әлеуметтік-саяси бөлімі басшысының орынбасары;

2008-2010 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2010-2012 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары;

2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы болып қызмет етті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2015-2016).

«Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі (02.2016 - 11.2016)

Қазіргі қызметінде 2016 жылдың қарашасынан бері.

Марапаттары: «Құрмет» ордені, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі.

42 жыл
 бұрын (1976) «Ел» продюсерлік орталығының бас директоры, музыкалық және этнографиялық жобалардың авторы, «Қызыл Алма» халықаралық сыйлығының иегері БЕЙСЕНБАЕВА Айгүл Еділқызы дүниеге келген.

Жамбыл облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін шығыстану мамандығы бойынша бітірген.  

null 100 жыл бұрын (1918-2013) Оңтүстік Африка Республикасының 1994-1999 жылдардағы президенті, саяси қайраткер, Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон МАНДЕЛА дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар