18 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 18 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

АСТАНА

11.00-де «ОРДА» Астана қаласының аутизммен ауыратын балалардың ата-аналары қауымдастығы психоневрологиялық аурулары бар балаларды оңалту және бейімдеуге арналған «Алтын Орда» орталығының ресми ашылуын өткізеді.  

14.30-да Астаналық цирк манежінде әлемге танымал ресейлік әртістер Артур және Карина Багдасаровтардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Хайуанаттарды үйретушілер балалар үйінің және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына шеберлік сабағын өткізеді.

15.00-де Назарбаев Университетінің Медицина мектебі ғимаратында  ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен электронды сатып алуды өткізуге арналған электронды веб-порталдың таныстырылымы өтеді.


АЛМАТЫ

8.00-де «Қаскелен агропаркі» аумағындағы тәжірибелік алқапта жүргізушісі жоқ бос комбайн астық жинауға кіріседі. Бұл тәжірибе Қазақстанда тұңғыш қолданылуда.

10.00-де «Салтанат» қабылдау үйінде «Қазақстан салық форумы - 2018» басталады.

11.30-да «Медеу» спорт кешенінің баспасөз залында AlmatyInternational Mountain Sports Festival үшінші халықаралық тау фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында IBM WatsonforOncology онкология саласындағы жасанды интеллект енгізу жобасының таныстырылымы өтеді.


ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының Құрылыс басқармасының басшысы Жамашев Құттыбек ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз мәслихатын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар