Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

18 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 18 шілде 07:00 166
Бөлісіңіз:
18 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 18 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1907 жылы Шығыс Қазақстанда ерекше құрылыс - шегесіз, ағаштан жасалған мешіт салынды.

2006 жылы Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулдығы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын араб тілінде жарыққа шығарды. Бұл басылым жетекші араб елдерінің ресми, ғылыми және іскер топтарын Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарымен, атап айтқанда, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның халықаралық деңгейдегі мәдениетаралық және конфессияаралық диалог орталықтарының бірі ретінде қызмет атқаруға әзір екенін қуаттаған сөзімен қеңінен таныстыруға септігін тигізді.

2009 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесетін қосымша шаралар алуға, кәсіпкерліктің мемлекетпен және қоғаммен өзара іс-қимылын нығайтуға, соның ішінде мемлекеттік органдар тарапынан тексерулер жүргізуді тәртіпке келтіруге бағытталған Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

2013 жылы Галац қаласында (Румыния) Қазақстан Республикасының құрметті елшілігінің ресми ашылу салтанаты өтті.

2014 жылы Астанада елордалық Сот төрелігі сарайы жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

2014 жылы Астанада Назарбаев Университеті базасында Технологиялық парк ашылды. Технопарктің жалпы аумағы 2 мың шаршы метрден асады.

2016 жылы оңтүстікқазақстандық Карина Нәжімеддинова Италияда өткен «Sun оf Italy» халықаралық конкурс-фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.

2016 жылы «1941. Брест қамалы. Қазақстан» кітабында алғаш рет Брест қамалын қорғаған қазақстандықтардың тізімі жарияланды. Кітаптың авторы - тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдағы медиа кафедрасының профессоры Ләйлә Ахметова.

2016 жылы Ыстанбұлда ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра комитетінің отырысында Тянь-Шань (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан) Дүниежүзілік мұралар тізіміне кіргізілді.

2016 жылы Алматыдағы физика-математика мектептерінің бірінде оқитын 16 жастағы Дінмұхамед Майлыбай АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы NASA жанындағы болашақ астронавтар білім алатын United Space School жазғы мектебінде оқуға жолдама берілетін байқауда жеңіске жетті. 23 елден 55 қатысушы іріктеп алынды. Қатысушылардың барлығы ұшуға дайындықтан бастап Марсқа қонуға дейінгі түрлі секцияларда жұмыс істейді. Қазақстандық оқушы ұшулар әзірлемесі және Марсты зерттеу жөніндегі топтың құрамына кірді.

2017 жылы Оңтүстік Кореяда Әскери теңіз академиясында білім алып жүрген Қазақстан курсанты Бақтияр Күйкен Кореяның Чинджу қаласында өткен әуесқой боксшылар арасындағы жарыста алтын медальға ие болды. Спортшы екі айқаста 3:0 есебімен жеңіске жетіп, біреуі техникалық нокаутпен аяқталды, ал енді бірінде қарсылас жекпе-жекке шығудан бас тартты.

2017 жылы Қызылорда шекара жасағының «Қызылқұм» шекара заставасына ерлігімен есімі елге танылған Жанқожа батырдың аты берілді.

2018 жылы қазақстандық суретші, АТОМ жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков Халықаралық «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығының лауреаты атанды. Табыстау рәсімі қазан айында Зальцбургте өтті (Австрия).

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT