18 сәуірде елдің басым аумағында жел күшейіп, жаңбыр жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, найзағай, бұршақ, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қызылорда облысында жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде көктайғақ, шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл облысында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді,

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Атырау облысында жел тұрып, жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Соңғы жаңалықтар