18 наурыз. Туған күн иелері

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 18 наурызда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырманға есімдер күнтізбесін ұсынады.

7 5 жыл бұрын (1948) филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигi, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi Уәлихан Қалижанұлы ҚАЛИЖАН дүниеге келді.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Жангелді ауылында туған. 1971 жылы ҚазМҰУ-ды, 1978 жылы осы оқу орынның аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолы: 1971-1978 жылдары – «Жетісу» газетінде меншікті аға тілші; 1978-1980 жылдары – Қазақстан ЛКСМ ОК-де нұсқаушы, баспасөз секторының меңгерушісі; 1980-1986 жылдары – «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің редакторы; 1986-1994 жылдары – «Жас Алаш» газетінде редактор; 1995-1996 жылдары – ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары министрінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 1996-1998 жылдары – республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы; 1998-1999 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің басшысы. ҚР Парламенті Мәжілісінің ІІ, ІІІ, IV шақырылымдарының депутаты (1999-2011 жылдары).

«Президент», «Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым», «Жәдитшіл жырлар», «Шеңбер» атты прозалық кітаптары, шығармаларының бес томдық жинағы жарық көрген. Г. Гулияның «Омар Хайям туралы» романын қазақ тіліне аударған. 1999 жылы филология ғылымдарының докторы атағын алған. ҚР еңбек сіңірген қайраткері.

69 жыл бұрын (1954) сатирик, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Толымбек ӘЛІМБЕКҰЛЫ дүниеге келді.

Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, Жамбыл ауданының «Шұғыла-Радуга», Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газеттерінде қызмет істеді. Красногор ауданының «Коммунизм жолы – Путь к коммунизму» газетінің редакторы, республикалық «Ара-Шмель» сатиралық журналының бөлім редакторы болды. Қазақ теледидары «Орда» шығармашылық бірлестігінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Әдебиетшілер үйінің директоры қызметтерін атқарды.

Қазір М. Әуезов атындағы Қазақ драма театры көркемдік жетекшісінің әдеби кеңесшісі.

Сықақ әңгіме, өлендері «Қарлығаш», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «Кімге күлкі, кімге түрпі», «Тамаша», «О несі, ей?» жинақтарында жарық көрді. «Когда солнце смеется» жинағына әңгімелері орыс тіліне аударылып басылды. «Ләм-мим», «Ым-жым», «Тойда жолығайық» атты сатиралық шығармалардың авторы. Р. Белецкийден, Ф. Буляковтан, М. Задорновтан тәржімалаған комедиялары М. Әуезов атындағы академиялық драма театрда қойылды.

6 9 жыл бұрын(1954) ардагер журналист Ерлан Қожакелдиев дүниеге келген.

Қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданында туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін журналист мамандығы бойынша бітірген. 1978-1987 жылдары «Қазақстан» телерадиокомитеті Қазақ радиосында «Насихат», «Ауыл шаруашылығы», «Жастар және балалар» бас редакцияларының редакторы болып қызмет еткен, 1987-2002 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясында «Ғылым және білім» редакциясының, «Жан дауысы» экологиялық бағдарламасының, «Шарайна» ақпараттық бағдарламасының редакторы, жүргізушісі, «Ақшам» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының бөлім меңгерушісі болды.

2002-2020 жылдары «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы қызметін атқарды.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалімен, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

50 жыл бұрын (1973) білікті заңгер, заң ғылымдарының докторы, профессор Шапақ Үнзила Шапаққызы дүниеге келді.

Моңғолия Республикасында туған. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, құқықтану (1996); аспирантура (1998); Қазақ гуманитарлық заң университеті, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының докторантурасы (2010); Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, экономика (2012).

Еңбек жолы: ҚарМУ заң факультетінің «Құқық негіздері», «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының оқытушысы (1996-1998); ҚарМУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы (2001-2004); Қазақ гуманитарлы заң университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының доценті (2004-2009); ҚазГЗУ шет елдердің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі (2009-2011); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама институтының лингвистикалық сараптама орталығының бас ғылыми қызметкері (2010-2015); КазГЮУ университетіндегі Ұлттық Құқық Жоғары мектебінің директоры (2011-2014); «КазГЮУ Университеті» АҚ Құқық жоғары мектебінің директоры (2014-2016); Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссия мүшесінің орынбасары (Венеция комиссиясы) (2016 жылдан бастап).

Атқаратын лауазымында – 2016 жылғы наурыздан бастап.

«КазГЮУ-ға 15 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медальдарымен; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (2001, 2009), Қарағанды және Астана қалалары әкімдерінің Құрмет Грамотасымен (2002, 2010) марапатталған.

4 5 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшысы Ақынғали Дәуітбайұлы ДӘРМЕНОВ дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы заң институтын бітірген, құқықтану маманы (1999); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы (2003); Еуропалық қауіпсіздік орталығы. Д. Маршалл («Көшбасшылығын арттыру бағдарламасы бойынша көшбасшылар бағдарламасы», Германия, 2008); Кембридж университеті, Ұлыбритания («Болашақ» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша, 2010).

Еңбек жолы: Қостанай облысының Меңдіқара аудандық ІІБ тергеушісі (02.1999-09.1999); ҚР Ішкі істер министрлігі Қостанай заң институтының Қылмыстық құқық және қылмыстық құқық кафедрасының оқытушысы (1999-2000); ҚР Ішкі істер министрлігі академиясының күндізгі оқу бөлімімен бірге ҚР ІІМ академиясының Қылмыстық құқық саясаты және криминология департаментінде «Ұйымдасқан қылмыспен, терроризммен, діни экстремизммен күрестегі өзекті мәселелерді дамыту туралы» № 6 зертханасының аға ғылыми қызметкері (2000-2003); ҚР Ішкі істер министрлігі академиясының адъюнктура бастығы (2006-2010); ҚР Ішкі істер министрлігі академиясының доценті, докторанты (03.2010-10.2010); ҚР Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы академиясы заң институтының арнайы факультетінде жалпы құқық кафедрасының доценті (2012-2013); ҚР Ішкі істер министрлігінің Кадрлық жұмыстар департаменті ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасының бастығы (2013-2014); Қарағанды облысы ІІД оқу орталығының бастығы (2014-2015); ҚР Ішкі істер министрлігі Оқу орталығының бастығы, Теміртау қаласы (2015-2019).

2019 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде. ІІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен, «Қазақстан полициясына 20 жыл» медальдарымен марапатталды; «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіндегі үздік қызметі үшін» төсбелгісі (2007), «ІІМ үздік қызметі үшін» (2012). «Астана» медалі (1998), «Қазақстан Парламентінің 10 жылдығы» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) марапатталды.


Соңғы жаңалықтар