18 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 18 наурыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
09.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясында Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы одағымен кездесу өтеді.
9.30-да ҚР Орталық сайлау комиссиясында Тәжікстан орталық сайлау комиссиясының төрағасымен кездесу өтеді.
10.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясында шет мемлекеттердің ОСК өкілдерімен кездесу өтеді.
11.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясында ТМД парламентаралық ассамблеясымен кездесу өтеді.
11.45-те ҚР Сыртқы істер миинстрлігінде Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлидің Қазақстанға ресми сапары өтеді. Сапар аясында Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшылығымен кездесу жоспарлануда.
12.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясында шетелдік БАҚ үшін брифинг ұйымдастырылады.
14.30 -да ҚР Орталық сайлау комиссиясында Жерорта теңізі парламентаралық ассамблеясымен кездесу өтеді.
15.00 -де ҚР Орталық сайлау комиссиясында Ислам ынтымақтастық ұйымымен кездесу өтеді.
16.00 -де ҚР Орталық сайлау комиссиясында РФ ОСК Төрағасының орынбасары Н. И. Булаевпен кездесу өтеді.
16.00-де Астаналық циркте Sunny show бағдарламасы көрсетіледі.
16.00-де Номад Сити Холл сахнасында «Иллюзия обмана» заманауи сиқыршылар шоуы өтеді.
18.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Тіл табысқандар» комедиясы қойылады.
18.00-де «Жастар» сарайында «Наурыз айы туғанда» театрландырылған мерекелік концерті өтеді.
19.00-де «Синтез» іздеу-эксперименттік театры «Алғашқы махаббат» комедиясын ұсынады.