18 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 18 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

2004 жылы ҚР Үкіметінің № 1355 Қаулысына сәйкес, «Ғарыш байланысының республикалық орталығы» АҚ құрылды. Оның қызметін «Қазғарыш» реттейді.

2006 жылы Прагада Чехиядағы Қазақстан студенттерінің «Бәйтерек» клубының тұсаукесер рәсімі өтті.

2010 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Көксарай су реттегішінің ашылу рәсіміне қатысты.

Көксарай - Арыс ауданында, Сырдария өзенінде салынған су қоймасы.

2016 жылы Қазақстан Республикасында Қазақстан дипломаттарының қауымдастығы құрылды, оның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесу, Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау және қазақстандық дипломаттар әулеттеріндегі сабақтастықты нығайту.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының орденімен марапатталды. Награданы күрес түрлері бойынша Азия Олимпиада іріктеу турнирін өткізу үшін Астанаға келген аталмыш Халықаралық федерацияның президенті Ненада Лалович табыс етті.

2017 жылы немістің Галле қаласында химиктер кубогына арналған жыл сайынғы турнирге қатысқан қазақстандық боксшылар Азамат Исақұлов, Әбілхан Аманқұл, Василий Левит, Қамшыбек Коңқабаев алтын медальға ие болды.

Галледегі халықаралық турнирді «шағын әлем чемпионаты» деп атайды. Оған түрлі құрлық боксшылары қатысады. Ол 1970 жылдан бері жыл сайын өткізіледі.

2018 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде аудандық мемлекеттік мұражайлар қорынан құрылған «Мұраларды сақтай отырып» атты көрме ұйымдастырылды. Оған танымал солтүстікқазақстандықтардың өмірі мен қызметіне байланысты материалдар әкелінді. Сонымен қатар Мағжан Жұмабаев және оның отбасына тиесілі жеке заттары - самаурын, ыдыстар және жайнамаз жұртшылық назарына ұсынылды. Араб тіліндегі Құран кітап, 1923 жылы Ташкентте шығарылған өлеңдер жинағы да бар. Сондай-ақ, көрмеге авторы белгісіз, қайта өңдеуден өткен ақын портреті де қойылды.

2018 жылы Қостанай облысының Затобольск кентіне қала мәртебесі беріліп, Тобыл деп аталды.

Соңғы жаңалықтар