18 маусымда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 18 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.


НҰР-СҰЛТАН

8.00-де «Құлагер» отбасылық демалыс орталығында «Қансонар» республикалық қауымдастығының Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы өкілдіктерінің ұйымдастыруымен VI өңірлік асыл тұқымды иттер байқауы өтеді.

13.00-де Әбу-Даби Плаза кешенінде «Ай мен жұлдыз» балалар ертегісі қойылады.

14.00-де Нұр-Сұлтан қуыршақ театрында «Алдар Көсе жайлы не білесің?» қойылымы көрсетіледі.

18.00-де Астана Балет театрында «Жібек жолы» балетінің премьерасы өтеді.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Баян Сұлу– Қозы Көрпеш» трагедиясы ұсынылады.

19.00-де Барыс-Арена алаңында 80-90 жылдардың ретро-фестивалі өтеді.


Соңғы жаңалықтар