+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

18 маусым. Туған күн иелері

2021 жылғы 18 маусым 08:10
Бөлісіңіз:
18 маусым. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 18 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
23 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі 22 қыркүйек. Туған күн иелері 22 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

ЕСІМДЕР

100 жыл бұрын (1921-2001) Қазақстанның ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, филология ғылымдарының док­торы, профессор Ғұбайдолла АЙДАРОВ дүниеге келді.

Қазіргі Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Сайын Шапағатов ауылының маңындағы Емір-Торты жерінде туған. 30-жылдардағы түбекті жайлаған жұт пен ашаршылық кезінде отбасымен Жаңғақтың ойына, Шағадам шаһарына қоныс аударған. Кейіннен Бесқаланың бірі Ташауыз қаласына келген бетте Н.Айтақовтың тікелей нұсқауымен балалар үйіне қабылданып, білім алады.

1934-1935 жылдары Түрікмен КСР-інің Ташауыз қаласы педагогикалық училищесінің дайындық бөлімінде білім алады. 1935-1937 жылдары Красноводск қаласындағы Бауман атындағы техникумында оқыды. 1937-1938 жылдары Мары қаласындағы педагогикалық училищеде оқыды. Еңбек жолын ауылдағы жетіжылдық мектепте мұғалім ретінде бастайды. 1940 жылы әскер қатарына алынып, 1944 жылға дейін Ұлы отан соғысына қатысты. Соғыстан кейін барлық қажыр-қайратын білім беру саласына арнады. Қатардағы мұғалімдіктен директорлық қызметке дейін көтеріледі.

1948 жылы Шымкент оқытушылар институтын, 1952 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітіреді. Институттың аспирантурасында оқып жүргенде көне түркі жазуларына ден қояды. 1959 жылдан Қазақстан Ғылымдар Академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкері болады.

Ғалым 250-ден астам ғылыми еңбек, оның ішінде 10 монография мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтың авторы. Ғылыми еңбектері негізінен түркі жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған, ғылыми еңбектерінде көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін қазіргі графика бойынша транскрипциялап, олардың тілін лингвист тұрғыдан жан-жақты талдаған, ескерткіштер тілінің қазіргі қазақ тіліне жақындығын зерттеп, дәлелдеген.


52 жыл бұрын (1969) ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары ПЕТРОВ Константин Викторович дүниеге келді.

1991 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын бітірді. Еңбек жолы: 1991-2004 жылдары - Ақтөбе қ. № 3 орта мектебінің химия және биология мұғалімі, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ақтөбе қаласы әкімінің көмекшісі, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының әкімшілік-шаруашылық қызметі және абаттандыру цехы бастығының орынбасары; 08.2004-04.2008 жылдары - Ақтөбе облысы әкімінің көмекшісі; 04.2008-01.2009 жылдары - Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасының бастығы; 01.2009-24.08.2015 жылдары - Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы; 24.08.2015 - 09.2016 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2016-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.

Қазіргі қызметінде 2017 жылғы тамыздан бері.

50 жыл бұрын (1971) Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Тілеумұратұлы ОРЫНБАСАРОВ дүниеге келді.

Маңғыстау облысында туған. Білімі: 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірді. 1998 жылы – Ш.Есенов атындағы Ақтау университетінде, 2011 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алған. Еңбек жолы: 1993-1996 жж. - еңбек жолын Маңғыстау облысының кеден басқармасының «Баутино» кеден постының инспекторы қызметінен бастаған. 1996-1998 жж. - банк, салық, қаржы секторында түрлі қызметтерді атқарған. 1999-2005 жж. - Ақтау қаласы әкімдігінің мүлікті басқару бөлімінің бас маманы. 2005 ж. – Ақтау қаласы әкімдігінде әртүрлі қызмет атқарған. 2005 ж. - Ақтау қаласы әкімінің орынбасары. 2006-2019 жж. - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ішкі әкімшілік департаменті бухгалтерлік есеп және адам ресурстары, ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. 2019-2021 жж. - «Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқарма төрағасы.

2021 жылдың 9 наурызынан - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары .

49 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, журналист Дана Өмірбайқызы НҰРЖІГІТ дүниеге келді.

1995 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде концертмейстор қызметінен бастаған. 1996 жылы К.Байсейітова атындағы Республикалық колледжде концертмейстор. 1997-2002 жылдары «Хабар» АҚ жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі. 2002 жылы «Хабар» АҚ продюсер. 2002 -2013 жылдар аралығында «Хабар» АҚ редактор, жаңалықтар және өзгеде бағдарламалардың жүргізушісі, продюсер. 2013 жылы «TV Fresh» ЖШС редактор. 2015-2019 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ тележүргізуші. 2019 жылы – ҚР Президентінің жарлығымен VI-шақырылымдағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Медиа саласында ведомстволық және өзгеде марапаттары бар.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап.

41 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының аппарат жетекшісі Әлия Ғалымжанқызы РАҚЫШЕВА дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және протокол департаменті, Халықаралық құқық және мемлекеттік мүліктік құқықтарды қорғау департаменті, Заңнамалық департаментінің жетекші маманы. 2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнамалық департаменті заң жобаларын сараптау және дайындау басқармасының бөлім бастығы, Заң жобалары қызметін үйлестіру, заңнаманы жүйеге келтіру департаментінің бөлім бастығы, Заңнамалық департаментінің бөлім бастығы, одан кейін басқарма бастығы. 2005-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты заң бөлімінің консультанты, меңгерушісі. 2007-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы әкімшілік басқармасының бастығы – аппарат басшысы. 2013-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі. 2018 жылғы сәуір - 2019 жылғы қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2019 жылғы қазан – 2020 жылғы мамыр аралығында – Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі. 2020 жылғы 6 мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Басшысы.

«Парасат» (2020), «Құрмет» (2014) ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» (2008) медалімен марапатталған.

34 жыл бұрын (1987) ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Арманұлы ИРҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Қостанай қаласында туған. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (2008) бітірді; Халықаралық бизнес мектебі (Швеция) (2008); Йорк университеті (2009 ж.); Ноттингем университеті, экономист (2010).

Еңбек жолы: Лондондағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің Шығыс Еуропа және Кавказ экономикалық департаментіне арналған аймақтық экономикалық саясат талдаушысы (2010-2011); Лондондағы Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі Экономика департаментінің аға сарапшысы (2011-2012 жж.); Аймақтық экономист, Экономикалық банк, Еуропа қайта құру және даму банкі, Лондон (2011); «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (2013-2016 жж.); «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқармасының төрағасы (02.2016-10.2016); «Бәйтерек НМХ» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі (10.2016-12-2016); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі (2016-2018 жж.); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Жобасын басқару орталығының бастығы (07.2018-09.2018); Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі (2018-2019). ҚР Президенті жанындағы экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі (2020 жылдан бері). 2019-2021 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT