18 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында көктемгі дала жұмыстарының қорытындысын шығару бойынша ғылым мен өндірістің бірлескен жұмыстарымен танысу туры өтеді.

10.00-де ҚР ИИДМ «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ БАҚ өкілдерін «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындарында өтетін баспасөз турына шақырады.

Баспасөз туры барысында «Astana Ютария ltd» ЖШС жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны мен «Спецпроектсервис» ЖШС құрылыс материалдарын өндіру жұмысымен танысу жоспарланған.

10.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook

17.30-да «Friends of Korea» тобының мүшелері «Ана үйі» қоғамдық қорына 2000$ сомасына қайырымдылық көмек (тұрмыстық техника) көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар