18 мамыр. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 18 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

86 жыл бұрын (1936) ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Олжас Омарұлы СҮЛЕЙМЕНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің география факультетін бітіріп, М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. «Казахстанская правда» газеті редакциясының бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясы сценарий-редакциялық алқасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ ССР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстанның Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін атқарған. Өз туындыларын орыс тілінде жазады. Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы 1961 жылы «Арғымақтар» деген атпен жарық көрген. Оның сценарийі бойынша «Атамекен», «Көгілдір маршрут», «Қыс - қолайсыз маусым», т.б. фильмдер түсірілген. «Аз и Я», «Жазу тілі» атты тіл біліміне қатысты зерттеулері, «Нұрлы түндер», «Мешін жылы», «Көңіл көкжиегі», «Әр күн - арайлы таң», «Ақ дария аспаны», «Жұмыр жұлдыз», «Шапағатты шақ», «Атамекен», т.б. жинақтары шыққан. І дәрежелі «Барыс», «Отан», Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», Қазан революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталған. Ядролық сынаққа қарсы «Семей-Невада» қозғалысының көшбасшысы, Қазақ ССР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан комсомолы, БЛКЖО сыйлығының лауреаты, Татарстан Республикасының Ш.Маржани атындағы Тарих институтының құрметті докторы. Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі болды.

65 жыл бұрын (1957) Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы ҚАСЫМОВ дүниеге келді.

Алматы облысы Іле ауданының Дмитриевка аулында туған. Білімі жоғары, 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы - заңгер. Полиция генерал-полковнигі, 1979 жылдан бастап - тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары. 1988 жылдан бастап - Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары. 1989 жылдан бастап - Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы. 1992 жылдан бастап - Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары. 1997 жылдан бастап - Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы. 2003 жылдан бастап - Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы. 2005 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі. 2009 жылдан бастап - Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы. 2011-2019 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы. 2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы.

ІІ дәрежелі «Данқ» орденімен, «Астана», «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін», «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «Қазақстан Конституциясына - 10 жыл», «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған. ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

65 жыл бұрын (1957) Қазақстан және Астана Митрополиті, Қазақстан Республикасындағы Митрополиттік округ басшысы АЛЕКСАНДР (Александр Геннадьевич Могилев ) дүниеге келді.

Киров қаласында (РФ) туған. Бірінші разряд бойынша Ленинград діни семинариясын, Мәскеу діни академиясын, Санкт-Петербург заң университетін бітірген. Ленинград діни академиясында оқыған. 2010 жылдың 5 наурызында қасиетті Синод шешімімен Орыс Православ шіркеуінің басшылығы Астана және Алматы архиескопы етіп тағайындады. 2010 жылғы 26 шілдедедігі Қасиетті Синод шешімімен Қазақстан Республикасында Метрополитен округінің заңды рәсімделуіне байланысты атауы «Астана және Қазақстан» болып өзгертілді.

60 жыл бұрын (1962-2015) Қазақстанның әйгілі эстрада әншісі, композитор Батырхан Қамалұлы ШҮКЕНОВ дүниеге келген.

Қызылорда облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын бітірген. 1982 жылдан Роза Рымбаеваны сүйемелдейтін «Арай» тобына кірді. 1987 жылы «Алматы» тобын құрады. Кейіннен ол «Алматы-Студио» тобы болып қайта құрылды. 1989 жылы өзінің атақты «Джулия» деп аталатын хитын жазды. Осы жылы «А-Студио» Алла Пугачеваның «Рождестволық кештер» әш кешіне қатысқаннан кейін ансамбль атағы бұрынғы Совет одағы аумағында танымал болды. Әнші 2002 жылы Қазақстанға оралып, өзінің алғашқы «Отан ана» атты жеке альбомын шығарды. 2007 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет жөніндегі кеңесшісі болды. 2009 жылы ЮНИСЕФ ерікті елшісі, 2010 жылы Алматыдағы Қайырымдылық балы комитетінің құрметті мүшесі болды. Батырхан Шүкенов 53 жасқа қараған жасында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Марқұм Алматыда жерленді.

41 жыл бұрын (1981) VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі САЯСАТ Нұрбек дүниеге келді.

Семей қаласында туған. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультетін бітірген. Сингапурда мемлекеттік қызмет колледжінде, АҚШ-тың Индиана штатында Нотр Дэйм университетінде оқыды, Римде La Sapienza университетінде халықаралық қауіпсіздік және геосаясат магистрі дәрежесін алды, Римдегі ICU институтында 2 жылдық тағылымдамадан өтті. 2000-2002 жылдары конгресмен Марк Смиттің сайлауалды науқанында жеке көмекшісі, Айова штаты үкіметінің ақпараттық технологиялар департаментінде инновациялық технологиялар қызметкері болды. 2002-2006 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Мемлекет пен құқық теориясы және тарихы» кафедрасында оқытушы, Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры және Астанадағы «Art-Motion» ЖШС-да промоушн және дизайн агенттігінің директоры. 2006-2008 жылдары - Туриндегі қысқы Олимпиада ойындарында TOROS-та ұйымдастыру комитетінің аудармашысы, «Қазына» Орнықты даму қоры» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің менеджері, басқарма төрағасының кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің кадр жұмыстары және мемлекеттік бақылау бөлімінің кадр саясаты секторының меңгерушісі. 2008-2009 жылдары - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік және жергілікті басқару институтының менеджмент кафедрасының доценті, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-ректоры. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кадр саясаты және персоналды басқару департаментінің атқарушы директоры. 2010-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті болды. 2013 жылдан Нұр Отан партиясы қоғамдық саясат институтының директоры, Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы болды. 2016-2017 жылдары «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры. 2018 жылдан бері BTS Education компаниясының басшысы.


Соңғы жаңалықтар