+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

18 қыркүйек. Туған күн иелері

2020 жылғы 18 қыркүйек 08:10
Бөлісіңіз:
18 қыркүйек. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 18 қыркүйекке арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабының бастығы Мұрат Кәрібайұлы БЕКТАНОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Киев жоғары жалпы әскери командалық училищесін, ҚР Қарулы Күшттерінің Әскери академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

1989-1990 жылдары - мотоатқыштар взводының командирі. 1990 жылы денсанттық-шабуылдау взводының командирі, 1990-1993 жылдары - десанттық шабуылдау батальонының барлау бастығы, 1993-1997 жылдары - Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанттар ротасының взвод командирі, 1997-1998 жылдары - мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары-штаб бастығы, 1998 жылы - ҚР Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік даярлық департаментінің офицері, 1998-2000 жылдары - академия тыңдаушысы, 2000-2001 жылдары - ҚР Қарулы Күштері Бас штабының жедел жоспарлау департаментінің топ бастығы, аға офицері, 2001-2005 жылдары - Республикалық ұланның жауынгерлік қызмет және әскерлерді даярау департаментінде басқарма бастығы, жедел басқару бастығы, департамент бастығы. 2005-2007 жылдары - Бас штаб Әскери акадесмиясының тыңдаушысы. 2007-2010 жылдары - ҚР Қорғаныс министрлігінің Штаб бастықтары комитетінің департамент бастығының орынбасары. 2010-2013 жылдары - ҚР Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастығы комитетінің жедел жоспарлау департаментінің бастығы. Қазақстан Республикасы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы (2013-2016); Қазақстан Республикасы Құрлықтағы әскерлерінің бас қолбасшысы (2016-2019).

2019 жылдың сәуір айынан бері қазіргі қызметінде.

53 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары Бауыржан Қадырұлы ТОРТАЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Мәскеудің Еңбек Қызыл ту орденді Серго Орджоникидзе атындағы Басқару академиясын бітірген .

1991-1992 жылдары - Семей тауарлы-шикізат биржасы ақпараттық-анықтама орталығының маманы. 1992 жылы - «»Байгел» ШК инженер-бағдарламашысы. 1992-1993 жылдары «Дидар» шағын жеке кәсіпорынның бас бухгалтері. 1993-1994 жылдары «Арпа масағы» жеке шағын кәсіпорнының бас бухгалтері. 1994-1995 жылдары - «Шарт» ұжымдық кәсіпорынының коммерциялық директоры. 1995 жылы - «Семей «Шаруашылық тауарлары» АҚ бас бухгалтері. 1996-1997 жылдары - Семей облыстық экономика басқармасының жетекші, бас маманы. 1997- 1998 жылдары - Семей қаласы әкімі аппаратының экономикалық бөлімінің консультанты. 1998-1999 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2002 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық Статистика басқармасы ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы. 2002-2008 жылдары - ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары. 2008-2010 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры. 2010-2011 - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры; 2014-2017 - ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары; ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы (04.2017-22.03.2019).

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалімен марапатталған.

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылдың сәуірінде кірісті.

49 жыл бұрын (1971) - Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар кандидаты Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ дүниеге келген.

Қарағанды облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1994), тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы.

Еңбек жолы: Қарағанды облыстық балалар кітапханасының кітапханашысы (1988-1989); ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері (1994-1995); бөлім меңгерушісінің м.а. (1995-1996); институт директорының орынбасары (Алматы) (1997); ҚР Баспасөз және бүқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінің Бұқаралық ақпарат құралдары, сараптамалық-талдау жұмысы және баспасөздегі заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары (Алматы); ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Талдау, жоспарлау және реформаларды насихаттау басқармасының бастығы (Ақмола) (1997); ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары (Астана) (1998-1999); ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары (1999-2000); ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары (2000-2001); Теміртау қаласы әкімінің орынбасары (2001-2002); Ұлттық зерттеулер институтының директоры (2002-2003); «Ақ жол» ҚДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары (2003-2004); «Саяси білім беру қоры» Қоғамдық қорының президенті (2004-2005); «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жүмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» ЗТБ атқарушы директорының кеңесшісі (2005-2006); «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры (2006-2007); ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы (2007-2008); ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2008); Президенттің Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры (2008-2010); Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі (2010); Жезқазған қаласының әкімі (2010-2012); Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі (2012-2013); Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (2013); ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі (2017-2019). Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің штаттан тыс кеңесшісі; ҚР Ұлттық мұрағатының «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы; Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі (2019 жылдан).

Қазіргі лауазымын 2019 жылдың шілдесінен бері атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

46 жыл бұрын (1974) Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Бақытұлы ӘЗІРБАЕВ дүниеге келді.

1997 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын (бүгінде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті) бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы және Атырау қалаларындағы «АБН АМРО Банк» (Голландия) еншілес банкінде бастады, 5 жыл ішінде валюталық бақылау бөлімінің бастығы болды. 2003 жылдан бастап 2006 жылға дейін - Астана қаласында «Қуат-Агро» агрохолдинг компаниясының бас директоры. 2006 жылдан бастап 2009 жылға дейін - «Казкоммерцбанк» АҚ лизинг бөлімнің бастығы және корпоративтік қатынастар департаментінің директоры. 2009 жылдың тамыз айында «Global Building Contract» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы болып тағайындалды; «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы (2017-2019); Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы (2019).

2019 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 20 жыл» медалімен, Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT