+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

18 қыркүйек. Туған күн иелері

2019 жылғы 18 қыркүйек 08:08
Бөлісіңіз:
18 қыркүйек. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 18 қыркүйекке арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


93 жыл
бұрын (1926-1999) жазушы, Шығыс Түркістан халық азат ету көтерілісінің қатысушысы Сейітқан ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ дүниеге келген.

Қытай Халық Республикасының Алтай округінде туған.
1944 — 1945 жылдары Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты. Шығыс Түркістан Жеменей аудандық жастар ұйымының хатшысы (1947); Шыңжаң халық демократиялық одағының Қаба аудандық атқару комитетінің бастығы, Алтай атқару комитеті бастығының орынбасары (1948—1954); Қытай коммунистік партиясы Алтай аймақтық комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі (1954—1957); «Алтай» газетінің Бас редакторы болды (1958 — 1964). Мәдени төңкеріс кезінде қуғынға түседі. 1969 жылы абақтыдан қашып шығып, Моңғолияға өтеді.

Қаламгердің үш роман, төрт повесть, екі өлеңдер жинағы моңғол, қазақ тілдерінде кітап болып басылып шығады. 1981 жылы «Жазушы» баспасынан «Қара боран» романы жарық көрді. 1993 жылы атамекеніне оралған жазушының қаламынан «Оспан батыр», «Бір уыс қан» атты шығармалар туды.


54 жыл
бұрын (1965) Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабының бастығы Мұрат Кәрібайұлы БЕКТАНОВ дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысында туған. Киев жоғары жалпы әскери командалық училищесін, ҚР Қарулы Күшттерінің Әскери академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген. 1989-1990 жылдары - мотоатқыштар взводының командирі. 1990 жылы денсанттық-шабуылдау взводының командирі, 1990-1993 жылдары - десанттық шабуылдау батальонының барлау бастығы, 1993-1997 жылдары - Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанттар ротасының взвод командирі, 1997-1998 жылдары - мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары-штаб бастығы, 1998 жылы - ҚР Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік даярлық департаментінің офицері, 1998-2000 жылдары - академия тыңдаушысы, 2000-2001 жылдары - ҚР Қарулы Күштері Бас штабының жедел жоспарлау департаментінің топ бастығы, аға офицері, 2001-2005 жылдары - Республикалық ұланның жауынгерлік қызмет және әскерлерді даярау департаментінде басқарма бастығы, жедел басқару бастығы, департамент бастығы. 2005-2007 жылдары - Бас штаб Әскери акадесмиясының тыңдаушысы. 2007-2010 жылдары - ҚР Қорғаныс министрлігінің Штаб бастықтары комитетінің департамент бастығының орынбасары. 2010-2013 жылдары - ҚР Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастығы комитетінің жедел жоспарлау департаментінің бастығы. Қазақстан Республикасы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы (2013-2016); Қазақстан Республикасы Құрлықтағы әскерлерінің бас қолбасшысы (2016-2019).

2019 жылдың сәуір айнынан бері қазіргі қызметінде.


52 жыл
бұрын (1967) Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары Бауыржан Қадырұлы ТОРТАЕВ дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысында туған. Мәскеудің Еңбек Қызыл ту орденді Серго Орджоникидзе атындағы Басқару академиясын бітірген . 1991-1992 жылдары - Семей тауарлы-шикізат биржасы ақпараттық-анықтама орталығының маманы. 1992 жылы - «»Байгел» ШК инженер-бағдарламашысы. 1992-1993 жылдары «Дидар» шағын жеке кәсіпорынның бас бухгалтері. 1993-1994 жылдары «Арпа масағы» жеке шағын кәсіпорнының бас бухгалтері. 1994-1995 жылдары - «Шарт» ұжымдық кәсіпорынының коммерциялық директоры. 1995 жылы - «Семей «Шаруашылық тауарлары» АҚ бас бухгалтері. 1996-1997 жылдары - Семей облыстық экономика басқармасының жетекші, бас маманы. 1997- 1998 жылдары - Семей қаласы әкімі аппаратының экономикалық бөлімінің консультанты. 1998-1999 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2002 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық Статистика басқармасы ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы. 2002-2008 жылдары - ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары. 2008-2010 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры. 2010-2011 - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры; 2014-2017 - ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары; ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы (04.2017-22.03.2019). «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалімен марапатталған.

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылдың сәуірінде кірісті.


48 жыл
бұрын (1971) саяси ғылымдар кандидаты, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Бақытұлы ӘБДІҒАЛИҰЛЫ дүниеге келген.

Ол Қарағанды облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1994), тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы.

Еңбек жолы: Қарағанды облыстық балалар кітапханасының кітапханашысы (1988-1989); ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері (1994-1995); бөлім меңгерушісінің м.а. (1995-1996); институт директорының орынбасары (Алматы) (1997); ҚР Баспасөз және бүқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінің Бұқаралық ақпарат құралдары, сараптамалық-талдау жұмысы және баспасөздегі заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары (Алматы); ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Талдау, жоспарлау және реформаларды насихаттау басқармасының бастығы (Ақмола) (1997); ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары (Астана) (1998-1999); ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары (1999-2000); ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары (2000-2001); Теміртау қаласы әкімінің орынбасары (2001-2002); Ұлттық зерттеулер институтының директоры (2002-2003); «Ақ жол» ҚДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары (2003-2004); «Саяси білім беру қоры» Қоғамдық қорының президенті (2004-2005); «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жүмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» ЗТБ атқарушы директорының кеңесшісі (2005-2006); «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры (2006-2007); ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы (2007-2008); ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2008); Президенттің Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры (2008-2010); Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі (2010); Жезқазған қаласының әкімі (2010-2012); Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі (2012-2013); Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (2013); ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі.

Қазіргі лауазымын 2017 жылдан бері атқарып келеді. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.


45 жыл
бұрын (1974) Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Бақытұлы ӘЗІРБАЕВ дүниеге келді.

1991-1997 жылдар - Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясы (бүгінде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті).
Еңбек жолын 1997 жылы Алматы және Атырау қалаларындағы «АБН АМРО Банк» (Голландия) еншілес банкінде бастады, 5 жыл ішінде валюталық бақылау бөлімінің бастығы болды. 2003 жылдан бастап 2006 жылға дейін - Астана қаласында «Қуат-Агро» агрохолдинг компаниясының бас директоры. 2006 жылдан бастап 2009 жылға дейін - «Казкоммерцбанк» АҚ лизинг бөлімнің бастығы және корпоративтік қатынастар департаментінің директоры. 2009 жылдың тамыз айында «Global Building Contract» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы болып тағайындалды; «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы (2017-2019); Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы (2019).

2019 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 20 жыл» медалімен, Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT