18 қыркүйек. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 18 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.


nullЕСІМДЕР

73 жыл бұрын (1945) Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық ұйымының төрағасы, жазушы РАХМАТУЛЛА Жақсылық дүниеге келді. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген. 1979 жылдан бастап Қызылорда облысында Жаңақорған аудандық «Коммунизм жолы», облыстық «Ленин жолы», Сырдария аудандық «Сырдария» газеттерінде жауапты қызметтер атқарып, 1998-2008 жылдары Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы қызметін атқарған. Әдеби дүниелері 1984 жылдан бастап республикалық баспасөздерде жарияланып келеді. Оның «Қолшатыр», «Шырағың сөнбесін», тағы басқа кітаптары жарық көрді. «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

66 жыл бұрын (1952-2016)  мемлекеттік және саяси қайраткер ДЬЯЧЕНКО Сергей Александрович  дүниеге келді.

Қазақстан Республикасы Ақмола облысының Шортанды елді мекенінде туған. 1973 жылы Куйбышев жоспарлау иститутының өнеркәсіп-экономика факультетін экономист мамандығы бойынша бітірді. Саяси білімі бар (Алматы Жоғары партия мектебі). Саяси ғылым докторы. Докторлық диссертациясының тақырыбы - «Қазақстандағы демократиялық жаңғырту мәселелері (саяси талдау)». Қазақстан Республикасы Саяси ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі. Жүзден астам ғылыми жұмыстардың, кітаптардың, оқулықтар мен әдістемелік құралдардың авторы. Еңбек жолын 1973 жылы Пенза облысы Кузнецк қаласындағы аспаптық жабдықтау және конденсаторлар зауытында инженер-экономист болып бастады. 1973 жылы КСРО Қарулы Күштері қатарына әскери қызметке шақырылды. Әскери қызметін Ресей Федерациясының Приморье өлкесіндегі Қызыл тулы қиыр шығыс әскери округінде атқарды. Қазіргі уақытта - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запастағы полковнигі. Әскери қызметтен соң туған елі Қазақстанға қайта оралады. Он жыл көлемінде Шортанды аудандық комитетінің нұсқаушысы қызметінен Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің екінші хатшысына дейінгі еңбек жолынан өтті. 1985-1991 жылдары аралығында - Қазақстан Компартиясы Көкшетау қалалық комитетінің бірінші хатшысы және сонымен қатар (1990 жылдан бастап) халық депутаттары Көкшетау қалалық кеңесінің төрағасы болды. 1991-1993 жылдары Қазақ КСР Жастар ісі, дене тәрбиесі және спорт жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы туризм, дене тәрбиесі және спорт министрінің орынбасары болды. 1993 -1999 жылдар аралығында қоғамдық ұйымдарда жұмыс істеді. 1999 және 2005 жылдарда өткен Мемлекет басшысын сайлау науқандарында Алматы қаласы бойынша Н.Ә.Назарбаевтың сенімді өкілі болды. 1999-2004 жылдар аралығында - екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2004-2007 жылдар аралығында - үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2004 жылдың қараша айынан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары. 2006 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып сайланды. 2007-2009 жылдар аралығында - төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007 жылдың қыркүйек айынан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары. 2010 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды. 2012 жылдың қаңтары - 2016 жылдың наурызы аралығында - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары. Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (03.2016-10.2016). «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Саяси Кеңесінің мүшесі. 
«Құрмет белгісі», «Парасат», I дәрежелі «Достық» ордендерімен, ТМД-ның «Достастық» орденімен, сегіз медальмен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

  

63 жыл бұрын (1955) ғалым, өнертанушы, этнограф, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі ҚОҢЫРАТБАЙ Тынысбек Әуелбекұлы дүниеге келді. Қызылорда қаласында туған. Қызылорда педагогикалық институтын (Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті), Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы, «Өнер» баспасының редакторы, «Кітап жаршысы» газетінің редакторы, Қазақ педагогикалық институты қазақ музыкасы кафедрасының меңгерушісі, «Музыка әлемінде», «Қазақ және әлем әдебиеті» журналдарының бас редакторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры. Қазақ музыкасының ежелгі дәуірін тұңғыш зерттеушілердің бірі. Еңбектерінде қазақ эпосы мен этнографиялық тарихын ұштастыра қарастырады. «Қорқыт ата» атты симфониялық поэма, «Дала суреттері», т.б. соната, музыкалық пьеса, әндер жазған. Қазақ ауыз әдебиеті, әдебиет тарихының мәселелері мен күйшілік, әншілік дәстүрге арналған бірнеше ғылыми-зерттеу еңбектердің, көптеген ғылыми мақалалардың авторы.


53 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Құрлық әскерінің бас қолбасшысы БЕКТАНОВ Мұрат Кәрібайұлы дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысында туған. Киев жоғары жалпы әскери командалық училищесін, ҚР Қарулы Күшттерінің Әскери академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген. 1989-1990 жылдары - мотоатқыштар взводының командирі. 1990 жылы денсанттық-шабуылдау взводының командирі, 1990-1993 жылдары - десанттық шабуылдау батальонының барлау бастығы, 1993-1997 жылдары - Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанттар ротасының взвод командирі, 1997-1998 жылдары - мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары-штаб бастығы, 1998 жылы - ҚР Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік даярлық департаментінің офицері, 1998-2000 жылдары - академия тыңдаушысы, 2000-2001 жылдары - ҚР Қарулы Күштері Бас штабының жедел жоспарлау департаментінің топ бастығы, аға офицері, 2001-2005 жылдары - Республикалық ұланның жауынгерлік қызмет және әскерлерді даярау департаментінде басқарма бастығы, жедел басқару бастығы, департамент бастығы. 2005-2007 жылдары - Бас штаб Әскери акадесмиясының тыңдаушысы. 2007-2010 жылдары - ҚР Қорғаныс министрлігінің Штаб бастықтары комитетінің департамент бастығының орынбасары. 2010-2013 жылдары - ҚР Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастығы комитетінің жедел жоспарлау департаментінің бастығы. Қазақстан Республикасы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы (2013-2016).

2016 жылдың қыркүйек айнына бері қазіргі қызметінде.  

51 жыл бұрын  (1967) ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы -ТОРТАЕВ Бауыржан Қадырұлы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысында туған. Мәскеудің Еңбек Қызыл ту орденді Серго Орджоникидзе атындағы Басқару академиясын бітірген . 1991-1992 жылдары - Семей тауарлы-шикізат биржасы ақпараттық-анықтама орталығының маманы. 1992 жылы - «»Байгел» ШК инженер-бағдарламашысы. 1992-1993 жылдары «Дидар» шағын жеке кәсіпорынның бас бухгалтері. 1993-1994 жылдары «Арпа масағы» жеке шағын кәсіпорнының бас бухгалтері. 1994-1995 жылдары -  «Шарт» ұжымдық кәсіпорынының коммерциялық директоры. 1995 жылы - «Семей «Шаруашылық тауарлары» АҚ бас бухгалтері. 1996-1997 жылдары - Семей облыстық экономика басқармасының жетекші, бас маманы. 1997- 1998 жылдары - Семей қаласы әкімі аппаратының экономикалық бөлімінің консультанты. 1998-1999 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2002 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық Статистика басқармасы ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы. 2002-2008 жылдары - ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары. 2008-2010 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры. 2010-2011 -  ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры; 2014-2017 - ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Атқарып отырған қызметінде - 2017 жылдың сәуірінен. 

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалімен марапатталған.

47 жыл бұрын (1971) саяси ғылымдар кандидаты, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы  Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ дүниеге келген.

Ол Қарағанды облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1994), тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы.

Еңбек жолы: Қарағанды облыстық балалар кітапханасының кітапханашысы (1988-1989); ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері (1994-1995); бөлім меңгерушісінің м.а. (1995-1996); институт директорының орынбасары (Алматы) (1997); ҚР Баспасөз және бүқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінің Бұқаралық ақпарат құралдары, сараптамалық-талдау жұмысы және баспасөздегі заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары (Алматы); ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Талдау, жоспарлау және реформаларды насихаттау басқармасының бастығы (Ақмола) (1997); ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары (Астана) (1998-1999); ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары (1999-2000); ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары (2000-2001); Теміртау қаласы әкімінің орынбасары (2001-2002); Ұлттық зерттеулер институтының директоры (2002-2003); «Ақ жол» ҚДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары (2003-2004); «Саяси білім беру қоры» Қоғамдық қорының президенті (2004-2005); «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жүмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» ЗТБ атқарушы директорының кеңесшісі (2005-2006); «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры (2006-2007); ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы (2007-2008); ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2008); Президенттің Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры (2008-2010); Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі (2010); Жезқазған қаласының әкімі (2010-2012); Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі (2012-2013); Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (2013); ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі.

Қазіргі лауазымын 2017 жылдан бері атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

44 жыл бұрын (1974) «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы, Алматы қаласындағы жеңіл атлектика федерациясының президенті ӘЗІРБАЕВ Мұхит Бақытұлы дүниеге келді.

1991-1997 жылдар - Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясы (бүгінде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті).
Еңбек жолын 1997 жылы Алматы және Атырау қалаларындағы «АБН АМРО Банк» (Голландия) еншілес банкінде бастады, 5 жыл ішінде валюталық бақылау бөлімінің бастығы болды.
2003 жылдан бастап 2006 жылға дейін - Астана қаласында «Қуат-Агро» агрохолдинг компаниясының бас директоры.
2006 жылдан бастап 2009 жылға дейін - «Казкоммерцбанк» АҚ лизинг бөлімнің бастығы және корпоративтік қатынастар департаментінің директоры.
2009 жылдың тамыз айында «Global Building Contract» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

2017 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 20 жыл» медалімен, Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

42 жыл бұрын (1976) «Қазақстан мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары - қоғамның бэк-кеңсесінің жетекшісі ЕШІМОВА Дана Ақылбекқызы дүниеге келген.

Еңбек жолы: А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Азаматтық құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары (1997 жылдан); Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ішкі әкімшілендіру департаментінің халықаралық салық алымдары бөлімінің бастығы, кадрлар бөлімінің бастығы, департамент директорының орынбасары, заң департаментінің басшысы (2002-2011).

Қазіргі қызметін 2011 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.

199 жыл бұрын (1819-1868) француз физигі және астроном, оптика, механика, электр магниті саласында еңбек еткен ғалым ФУКО Жан Бернар Леон дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар