«18 килогерц» фильмі Татарстанда өткен кинофестивальде Гран-при жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт - Режиссер Фархат Шәріпов түсірген «18 килогерц» фильмі ХVII Қазан қаласында өткен ХVII Халықаралық мұсылман кинофестивалінде үздік толықметражды көркем фильм аталымында бас жүлде – Гран-приді жеңіп алды.

Сондай-ақ кинотуынды «Үздік операторлық жұмыс» жүлдесімен (Александр Плотников) марапатталды.

«18 килогерц» – бұл 90-шы жылдардың соңындағы жасөспрімдердің өмірінен сыр шертетін фильм. Зара Есенаманның «Хардкор» желісі бойынша түсірілген фильм биыл ақпан айында қазақстандық прокатқа шыққан болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылы «18 килогерц» көркем фильмі қазақ киносының тарихында алғаш рет 36-шы Халықаралық Варшава кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған болатын. Кейін бұл туынды Германияның Котбус қаласында өткен 30-шы Халықаралық кинофестивальде үздік деп танылды.

Айта кетсек, бүгінде режиссер Фархат Шәріпов «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Хардкор» атты кезекті фильмін түсіріп жатыр. Жаңа туынды бүгінгі күнгі нашақорлық дерті туралы баяндайды. Жақын күндері Алматыда фильмнің соңғы түсірілімдері өтеді.

Өндірісі: Centera Production және Altera Pars кинокомпаниялары

Режиссері әрі сценарий авторы: Фархат Шарипов

Қоюшы оператор: Александр Плотников

Қоюшы суретші: Алексей Шиндин

Продюсерлер: Дина Жұмабек, Фархат Шарипов

Креатив жөніндегі продюсер: Юлия Ким

Композиторы: Илья Одегов

Кастинг директоры: Анастасия Хисамова

Костюм бойынша суретшілер: Анастасия Макарова, Елизавета Кулиш

Грим бойынша суретші: Әлия Шманова

Картинаның директоры: Талғат Нұриев


Соңғы жаңалықтар